09:47, 20 Маусым 2017 | GMT +6
Промоутер Головкинді «халықтық P4P-чемпион» деп атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер үздік pound-for-pound боксшы (салмақ санатынан тыс) атағы үшін НВО телеарнасы Твиттердегі блогында жүргізген дауыс берудің нәтижесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
«GGG - халықтық P4P-чемпион! Үнемі тартымды айқастар ұсынып, ешқашан ережені бұзбайды. Оған дауыс берген барлық жанкүйерлерге құрметімді білдіремін», - деп жазды Леффлер Твиттердегі өзінің парақшасында.
Айта кетейік, дауыс беру нәтижесінде WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақты әлем чемпионы Геннадий Головкин 38% дауыс жинап, үздік P4P-боксшы атанды.