Протездік-ортопедиялық көмек бойынша жаңа ұлттық стандарт әзірленіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Протездік-ортопедиялық көмек саласын жетілдіру бағытында жаңа ұлттық стандарт әзірленіп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы Нұрдәулет Төлеев мәлім етті. 

протез
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

— Протездердің сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін және үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында бұрын протездерді жобалау, дайындау, орнату және пайдалану процесіне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттар әзірленіп, бекітілген. Алайда бұл стандарттар 2007 жылы қабылданған. Осыған орай, протездік-ортопедиялық көмектің заманауи талаптарын ескере отырып, министрлік жаңа ұлттық стандартты әзірлеу жұмыстарын іске асырып жатыр, — деді Нұрдәулет Төлеев Сенатта протездік-ортопедиялық көмек мәселен талқылау кезінде.

Оның айтуынша, бұл тұрғыда 2026 жылғы жоспарға енгізу үшін тиісті өтінім Қазақстан стандарттау және метрология институтының қарауына жолданған.

Еске салсақ, елімізде 95,3 мың адам протездік-ортопедиялық көмекке алатындар санатына жатқызылған

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірінен 43,7 мың өтінім қаралды.

Соңғы жаңалықтар