13:48, 21 Ақпан 2009 | GMT +5
«Протон-М» зымырантасымалдағышының екінші сатысы құлаған аумақтағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі барлық шаралар қабылданды
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Протон-М» зымырантасымалдағышының бөлшектері құлауымен байланысты келтірілген жайсыздықтар үшін, ресей тарабы Шығыс Қазақстанның Тақыр ауылының әрбір тұрғынына ең төменгі 5 есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Азаматтық қорғаныс, апаттарды және табиғи апаттарды ескерту және олардың салдарын жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқарманың бастығы Евгений Анның айтуынша, «Протон-М» зымырантасымалдағышы трассамен тірек орбитасынан 48 градусқа еңкіш ұшады және оның екінші сатысы құлайтын Күршім ауданындағы жоспарлы аумақта зымыран ұшырылған кезде облыстың барлық апаттық-құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтіріледі. «Протон-М»» зымырантасымалдағышы «Байқоңырдан» ақпанның 11-інде ұшырылды. Жергілікті өкімет пен Ресейдің М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыш орталығы өкілдерінің өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру үшін зымыран бөлшектері құлайтын ауданға (Тақыр ауылына) бір тәулік бұрын жедел топ жөнелтілді. Синоптиктер алдын-ала хабарлаған боран туралы болжамға байланысты, зымыран бөлшектерінің үлкен аумаққа шашылу қаупі болды, сондықтан да зымыран ұшатын мерзімде ауыл тұрғындары жергілікті мектеп ғимаратында жабдықталған арнайы паналау орнына жайғастырылды. «Протон-М» зымырантасымалдығышы штаттық режимде ұшырылды.
Шығысқазақстандық басқарма бастығының айтуынша, келтірілген жайсыздықтар үшін ақшалай өтемақымен қоса, ресей тарабы өз есебінен жергілікті мектеп пен клубты, ауылдағы су құбырларын жөндеп беруді жоспарлап отыр.