03:19, 18 Қазан 2015 | GMT +5
Психологтар адамның қай кезде өзін шынайы бақытты сезінетінін анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка психологтары ерекше зерттеу жүргізді. Бір аптаға созылған зерттеуге 577 адам өз еркімен қатысты. Ғалымдар осы уақыт аралығында адамның шынайы бақытты болуы үшін не қажет екенін тапқандарын айтады.

Қатысушылардың әрқайсысына өздері сүйетін іспен айналысу тапсырылды. Адамдар өзгелердің пікіріне қарамастан, өздері ең тартымды деп білетін іспен шұғылданды және осы уақыт аралығында олардың көңіл-күйлері өте жақсы болғаны байқалды. Тіпті, біреуі де шағымданбаған.
Психологтардың айтуынша, адамның шынайы бақытты болатын кезі - өзінің сүйікті ісімен шұғылданған сәті. Сондай-ақ ғалымдар 15-24 жас аралығын да ең бақытты кезең деп бағалады, деп жазады planet-today.ru.