Психологтер де сарқылады, оларға да қолдау керек – Мәжіліс депутаты
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова педагог-психологтардің біліктілік мәселесін көтерді.

— Психологиялық қызметке қатысты ауқымды шаралар жасалды. Бұған дейін психологиялық қызметке немқұрайлы қарайтын, қазір міндеттелген. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамту аясында білім басқармалары жанынан психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың жанында агрессорларға психологиялық көмек көрсететін мамандардың жұмысы заңдастырыла бастады. Бірақ, ақпарат ағыны, жаһандану кезеңіндегі өзгерістер психологиялық қызметті одан әрі дамытуды қажет етеді, — деді Жұлдыз Сүлейменова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен психология қызметінің проблемаларына арналған дөңгелес үстел барысында.
Сондай-ақ халық қалаулысы психолог мамандарын даярлау мәселесіне ден қойды.
— Тағы бір айта кететін жайт, супервизия, яғни педагог-психологтарді қолдау, олардың өзіне де қолдау қажет. Қазір бізде супервизия мүлдем қарастырылмай тұр. Шынын айтқанда оларда тұлғалық тұрғыдан, психологиялық тұрғыдан сарқылады, — дейді ол.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ Оспан мектеп психологтарінің біліктілігінің төмен екенін айтқан еді.
Айта кетейік, елімізде психологиялық қызмет туралы арнайы заң жобасы қолға алынды.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов елімізде психологиялық қызмет көрсетудің тиісті нормалары бар, бірақ ол шашыраңқы екенін айтты.