Психологтер қызмет алушымен шарт жасасуға міндеттеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Сала мамандары азаматтарға қызмет көрсетерде, жазбаша ақпарат ұсынып, келісімін алуға тиіс болады. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында заң жобасын талқылау кезінде депутат Айна Мысырәлімова мәлімдеді.

Психологтер қызмет алушымен шарт жасасуға міндеттеледі
Фото: Kazinform

— Жеке қызмет барысында психолог қызмет алушымен міндетті түрде шарт жасасуы тиіс. Сонымен қатар психологиялық көмек ерікті және саналы таңдау қағидатына негізделеді. Сондай-ақ шұғыл жағдайларды қоспағанда, психологиялық көмек көрсету тек қызмет алушының жазбаша ақпараттандырылған келісімі негізінде жүзеге асырылатыны белгіленеді, — деді дептутат.

Айта кетейік бұған дейін психологтерге қойылатын талаптар заңнамалық деңгейде бекітілетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар