Психологтердің мемлекеттік тізілімі жасалады

АСТАНА. KAZINFORM — Азаматтарды түрлі айла-шарғымен жаңылыстыратын жалған психологтердің қызметі шектеледі. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында заң жобасын талқылау кезінде депутат Айна Мысырәлімова мәлімдеді.

психолог
Коллаж: Kazinform / Canva

— Ашықтықты қамтамасыз ету және қоғам сенімін арттыру мақсатында барлық практик психологтарды мемлекеттік тізілімде міндетті түрде тіркеу ұсынылады. Бұл қызмет нарығын жүйелеуге және тиісті біліктілігі жоқ, азаматтарды түрлі айла-тәсілдер арқылы жаңылыстыратын жалған мамандардың қызметін шектеуге мүмкіндік береді, — деді депутат.

Айта кетейік бұған дейін психологтерге қойылатын талаптар заңнамалық деңгейде бекітілетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар