Путин Аляскадағы саммитке дайындық жөнінде кеңес өткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей Президенті Владимир Путин 15 тамызда өтетін Ресей–АҚШ саммитіне дайындық аясында елдің жоғарғы басшылығы, Үкімет және Президент әкімшілігі өкілдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды ТАСС

Путин Аляскадағы саммитке дайындық жөнінде кеңес өткізді
Фото: Вячеслав Прокофьев/ТАСС

Бұл туралы журналистерге мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Внуково әуежайынан Анкоридж қаласындағы (Аляска) Элмендорф–Ричардсон әскери базасына арнайы Ил-96 ұшағы ұшып шықты. ТАСС дерегінше, бортта Владимир Путин мен Дональд Трамп арасындағы саммитті ұйымдастыратын алдын ала дайындық тобы болуы мүмкін.

14 тамызда Анкориджге Ресейдің саммитті жариялайтын, АҚШ визасын алған журналистері де барады.

Ақ үйдің хабарлауынша, Дональд Трамп жұма күні таңертең Путинмен кездесу үшін Аляскаға ұшады. Ақ үй баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің айтуынша, екі ел басшыларының келіссөздерінен кейін АҚШ және Ресей делегациялары қатысатын бірлескен түскі ас, одан соң Трамп пен Путиннің ортақ баспасөз мәслихаты өтеді.

Бұған дейін Аляскадағы келіссөздерге қатысатын Ресей және АҚШ делегацияларының құрамы жарияланған болатын

Соңғы жаңалықтар