Путин мен Әлиев Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты талқылауды жалғастырды

Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Әзербайжан әуе көлігінің апатқа ұшырауына қатысты мәселені талқылауды жалғастырды, деп хабарлады ТАСС Кремльге сілтеме жасап.

Ұшақ Қазақстаннан тыс жерде зақымданған – Вице-премьер Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы
Фото: Kazinform

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Путин мен Әлиев бүгін телефон арқылы сөйлескен кезде Әзербайжан әуе жолдары ұшағының апатқа ұшырауына қатысты түрлі мәселелерді талқылауды жалғастырды», - деді.

Бұған дейін Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты Владимир Путин Ильхам Әлиевтен кешірім сұраған болатын.

Соңғы жаңалықтар