Путин мен Ким Чен Ын келіссөздер жүргізді

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Ресей президенті Владимир Путин мен Корей Халық-демократиялық Республикасының Мемлекеттік істер жөніндегі Төрағасы Ким Чен Ын Пекиндегі «Дяоюйтай» резиденциясында келіссөздер жүргізді. Бұл туралы агенттік корреспонденті Кремль сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Путин мен Ким Чен Ын келіссөздер жүргізді
Фото: РИА Новости / Сергей Бобылев

Олар екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты қабылдауды аяқтағаннан кейін бір көлікте «Дяоюйтай» резиденциясына барды.

Келіссөздер 2,5 сағаттан астам уақытқа созылды. Алдымен екіжақты делегациялар қатысқан келіссөздер бір жарым сағаттан астам уақытқа жалғасты. Содан кейін екі жақ жеке форматта шамамен бір сағаттық әңгіме жүргізді.

Ресей Президенті Путин 31 тамыздан бастап Қытайда төрт күндік сапармен жүр. Ол Тяньцзиньде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммитіне қатысты және саммит аясында әлем лидерлерімен бірнеше кездесу өткізді.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 2 қыркүйекте Қытайға барды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы ШЫҰ саммитіне қатысып, бірнеше бастама ұсынды. 

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев әскери парадты тамашалады

Соңғы жаңалықтар