Путин мен Нетаньяху Газа секторындағы ахуалды талқылады

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы ахуалды, соның ішінде Газа секторындағы жағдайды талқылады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Путин мен Нетаньяху Газа секторындағы жағдайды талқылады
Фото: Анадолу

Кремль таратқан ақпаратқа сүйенсек, тараптар өңірдегі жағдай бойынша жан-жақты пікір алмасқан. Олар Газа секторындағы оқиғалардың өрбуін, атысты тоқтату және тұтқындар алмасу жөніндегі келісімді іске асыру барысын қарастырды. Бұдан бөлек, әңгіме барысында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ахуал және Сириядағы тұрақтандыру үдерісіне жәрдемдесу мәселелері де сөз болған.

Айта кетейік, 6 қазанда Израиль мен ХАМАС делегациялары Мысыр, Қатар, АҚШ және Түркияның арағайындығымен Газадағы қақтығысты реттеу бойынша жанама келіссөздерді қайта бастаған еді. 9 қазанда тараптар АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбіт жоспардың алғашқы кезеңін іске асыру туралы келісімге қол қойды. Газадағы атысты тоқтату режимі 10 қазаннан бастап күшіне енді.

Сондай-ақ ХАМАС пен делдалдар арасындағы келіссөздің бірінші раунды оң нәтижемен аяқталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум