Путин мен Уиткоффтың келіссөзі аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM – Кездесу Кремльде өтті, шамамен үш сағатқа созылды. Оған сондай-ақ Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков пен Ресейдің Тікелей инвестициялар қорының (РФПИ) басшысы Кирилл Дмитриев те қатысты.

Завершились переговоры Путина и Уиткоффа
Фото: Кристина Кормилицына / ТАСС

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Кирилл Дмитриев X әлеуметтік желісінде былай деп жазды:

– Мәскеуде - президент Путин мен Стивен Уиткоффтың кездесуі. Ілгерілеуге қол жеткізіп жатырмыз.

Өз кезегінде, Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков журналистерге берген сұхбатында кездесудің конструктивті және пайдалы сипатта өткенін мәлімдеді. Әңгіме Ресей мен АҚШ-тың ұстанымдарын тек Украина мәселесінде ғана емес, басқа да бірқатар халықаралық мәселелер бойынша жақындатуға мүмкіндік берді.

Оның айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздерді қайта бастау мүмкіндігі де сөз болған.

Сондай-ақ, ол Ресей-АҚШ диалогының түрлі деңгейде белсенді түрде жалғаса беретінін атап өтті.

Уиткофф Мәскеуге 25 сәуір күні таңертең келген. Кейінірек Ресей президентінің баспасөз хатшысы Д. Песков ресейлік көшбасшы мен америкалық әкімшілік өкілінің кездесуі басталғанын хабарлады, сондай-ақ олардың бір-бірімен амандасқан сәті түсірілген видео жарияланды.

БАҚ-та сондай-ақ Уиткоффтың Мәскеу орталығында Ресей президентінің шет елдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриевпен бірге серуендеген видеосы тарады.

Бұған дейін АҚШ Президентінің арнайы өкілі мінген ұшақ Ресейге келгені, сондай-ақ Путин мен Трамптың арнайы өкілі Уиткофф арасындағы келіссөздердің басталғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, бұл олардың соңғы екі апта ішіндегі екінші кездесуі. Бұған дейін олар 11 сәуірде Санкт-Петербургте кездесіп, ол кездесу шамамен бес сағатқа созылған.

Соңғы жаңалықтар