Путин: Ресей мен Қазақстан арасындағы есеп айырысулардың барлығы ұлттық валюталарға ауысты

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей мен Қазақстан іс жүзінде барлық есеп айырысуды ұлттық валютада жүргізеді, бұл өзара сауданы сыртқы әсерден қорғауға көмектеседі. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған келіссөзден кейінгі брифингіде Ресей Президенті Владимир Путин мәлім етті.

валюта
Коллаж: Kazinform / Freepik

Ресей басшысының айтуынша, бүгінгі екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін растады.

- Бүгінгі келіссөздеріміз шынымен де нәтижелі болды. Бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы шынайы достық және тату көршілік қарым-қатынастарға сәйкес келеді. Біз екіжақты ынтымақтастықтың саясат, экономика, мәдениет және гуманитарлық салалардағы негізгі мәселелерін жан-жақты талқыладық, сондай-ақ халықаралық өзекті мәселелерді қозғадық, - деді Владимир Путин.

Владимир Путиннің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 29 млрд долларға жуықтаған және жақын арада бұл көрсеткіш 30 млрд доллардан асуы мүмкін.

- Сыртқы сауда құрылымы кеңейіп, әртараптандырылып келеді. Екі ел арасындағы барлық есеп айырысу ұлттық валютада жүзеге асырылып келеді. Осылайша, өзара экспорттық және импорттық операциялар сыртқы әсерлерден және әлемдік нарықтағы теріс үрдістерден сенімді қорғалған, - деді Ресей Президенті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы жақын арада 30 млрд доллардан асып түседі.