Путин Ресей мен Орталық Азия қандай салаларда ынтымақтастық орната алатынын айтты

«Біздің ел Орталық Азияның бірлескен энергия жүйесін қалпына келтіруге практикалық көмек көрсетуге дайын. Бұл өңірдегі бүкіл елдердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыра түсетіні сөзсіз. Ресей мен Орталық Азия елдері арасында энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Ресей Орталық Азия елдерінің экономикасына жетекші инвестор. Батыс компаниялары мен операторларының қажетсіз қатысуын болдырмайтын қаржылық есеп айырысу тетіктерін қайта құру және қайта реттеу тетігі іске қосылды», - деді Владимир Путин Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Ресей» саммитінде.
Ресей басшысының мәлімдеуінше, тікелей инвестиция көлемі шамамен 5 млрд долларды құрайды.
«SWIFT-тің орнына қазірдің өзінде жақсы қалыптасқан ресейлік қаржылық хабарлама беру жүйесінің келісімшарттық есебін қолдануға көшіп жатырмыз. Мұнай тасымалдау бағыттарын кеңейту, Каспий теңізінде энергия ресурстарының қорын бірлесіп игеру, қолжетімді және таза газ моторлы отынмен қамтамасыз етудің перспективасы зор. Сондай-ақ, құбырларды салу және кеңейту, көмір саудасы мен оны Азия нарығына тасымалдау көлемін ұлғайту да маңызды», - дейді ол.
Айта кетейік, Астанада «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтіп жатыр. Жиынға 6 елдің басшысы қатысуда.
Фото: t.me/bort_01