17:18, 28 Сәуір 2025 | GMT +5
Путин Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында атысты тоқтататынын жариялады — Кремль
АСТАНА.KAZINFORM - Ресей Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында атысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

— Гуманитарлық жайға сүйене отырып, Жеңістің 80 жылдығына орай — 7-8 мамыр түн ортасынан 10-11 мамыр түн ортасына дейін — Ресей тарапы атысты тоқтататыны туралы жариялады. «Осы кезеңде барлық әскери операция тоқтатылады», — делінген Кремль хабарламасында.
Бұған дейін Владимир Путин Пасха мейрамына байланысты уақытша бітімге келетінін мәлімдеген еді.
Сондай-ақ Трамп Путинмен қашан кездесетіні туралы жазған едік.
Сонымен қатар Путин Киевпен алдын ала шарттарсыз келіссөз жүргізуге дайын.