Путиннің Уиткоффпен кездесуі 2 желтоқсанға жоспарланды

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың кездесуі 2 желтоқсан күні өтетінін айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Путин принимает Уиткоффа в Кремле
Фото: Кремль

— Иә, ертеңге Уиткоффпен кездесу жоспарланған. Шын мәнінде, ол бұл туралы кеше өзі айтты, — деп жауап берді Песков бұл мәселе бойынша қойылған сұраққа. 

Кремль өкілі келіссөздің түстен кейін өтетінін де нақтылады.

— Президент ертеңгі Ресей-Америка байланыстарына дайындық ретінде бүгін бірнеше жеке кездесулер өткізеді, — деп қосты баспасөз хатшысы.

Бұған дейін АҚШ пен Украина делегациялары бейбітшілік жоспары туралы келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланды.

Кейіннен Марко Рубио екі делегацияның келіссөзі нәтижелі өткенін айтты.

Соңғы жаңалықтар