«Qarmet» комбинаты жұмысын жаңғыртуға 35 млрд теңге бөлмек

АСТАНА. KAZINFORM – «Qarmet» металлургия комбинатының жұмысын қайта жандандыру бағытында стратегия әзірленіп жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков мәлім етті.

Two workers die at Qarmet metallurgical plant
Фото: Akorda

«Qarmet» акционерлері мен Үкімет арасындағы келісім шеңберінде компанияның өндірісті жаңғырту және қайта құру жөніндегі міндеттеме нақтыланды. Осылайша өндірісті жаңғырту үшін 35 млрд теңге бөлу міндеті жүктелді. Соңғы 6 ай ішінде компаниямен бірлесіп өндірісті жаңғырту жөніндегі стратегияны әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған стратегия біздің министрлік, Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да тиісті ведомстволармен келісілді», - деді Ерболат Кожиков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, аталған кәсіпорын жұмысын жаңғыртуға арналған стратегия жақын арада бекітіледі.

Еске сала кетсек, биыл тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының диспетчерлік-талдау орталығына барып, ахуалмен танысқан еді. Сол жерде компанияның бас директоры Вадим Басин Президентке көмір өндірісі бөлімшесін дамыту жөнінде баяндады. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биыл Қазақстан халқына Жолдауында «Qarmet» металлургия комбинатындағы ахуал едәуір тұрақталғанын айтты. 

Соңғы жаңалықтар