Qarmet-тегі қылмыс бойынша 20-дан астам адам сотталды
АСТАНА. KAZINFORM – Ұйымдасқан қылмыстық топ «АрселорМиттал Теміртау» (Qarmet) аумағында 2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың наурызына дейін әрекет еткен, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты:
ұйымдасқан топты құру және басшылық ету, оған қатысу (ҚК 262-бабының 1, 2-бөліктері);
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қорқытып алу (ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы);
бірнеше рет ірі және аса ірі мөлшерде үй-жайға заңсыз кiрумен, оның ішінде қылмыстық топ және адамдар тобымен жасалған ұрлық және ұрлыққа оқталу (ҚК 188-бабы 4-бөлігінің 1) тармағы, 24-бабының 3-бөлігі – 188-бабы 4-бөлігінің 1, 3) тармақтары, 188-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 3)-тармақтары, 24-бабының 3-бөлігі – 188-бабы 3-бөлігінің 1, 2 ,3)-тармақтары, 188-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы);
жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалану (ҚК 252-бабының 2-бөлігі (2016 жылғы редакцияда);
билік өкілінің денсаулығына зиян келтіру (ҚК 380-бабының 2-бөлігі (2016 жылғы редакцияда) бойынша 24 адамға қатысты үкім жариялады.
Айыптаудың мәні
Х. мен Т., 2022 жылдың маусымы мен 2023 жылдың наурызы аралығында ұйымдасқан топ құрып және басшылық еткен, Қ. мен М. қылмыстық топ құрамында әрекет етіп, күзет агенттігінің күзетшісі бола тұра, Қарағанды облысының аумағында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қола бұйымдарын, швеллерлерін, ыстықтай иленген прокаттарын, мырышталған табақтарын, рельстерін жүйелі түрде ұрлаумен айналысқан.
А., М., Б., Д., Е., А., Ж., Ж., К., М., М., С., С., М., Ш., Б., Ж., Д., Ж., яғни қалған 20 адам «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның мүліктерін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында ірі және аса ірі мөлшерде ұрлаған және ұрлауға оқталған.
Сондай-ақ, Х.және Т., қылмыс құрамында, Т. сонымен қатар, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қорқытып алушылық жасаған.
Сонымен қатар, Х. және Ж. 2016 жылдың маусымында күзет агенттігінің күзетшілері бола отырып, қару қолдану арқылы өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы пайдаланған, Ж. сонымен қатар өзінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты билік өкілінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданған, ал Х. денсаулыққа қасақана зиян келтірген.
Шахтинскіде Qarmet қызметкерлерін, тұрғындарды бопсалаған бір топ жас жігіт ұсталғанын жазған болатынбыз.