Qatar Energy газ жеткізіліміне қатысты форс-мажор жариялады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік Qatar Energy компаниясы сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндірісінің тоқтатылуына байланысты форс-мажор жариялады және тұтынушыларға өз міндеттемелерін орындай алмайтындығы туралы хабарлады.
Қатарлық газ өндіруші акционерлермен қарым-қатынасын бағалайтынын және компанияны жағдай туралы хабардар етіп отыратынын атап өтті.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, компанияға өндірісті және газ экспортын қалпына келтіру үшін кем дегенде бір ай қажет болады.
Айта кету керек, Қатар әлемдегі ең ірі СТГ экспорттаушы үш елдің бірі.
Бұған дейін Иран дрондары Qatar Energy компаниясының өндірістік нысандарына шабуыл жасап, компанияның газ өндірісін тоқтатуына себеп болғаны туралы хабарланған болатын.
Сондай-ақ, Сауд Арабиясының ең ірі мұнай өңдеу зауыты Saudi Aramco-дағы жұмыстың дрон шабуылына байланысты тоқтатылғаныны белгілі болды.