Qazaq Air ұшағы қалың тұманға байланысты Өскемен әуежайына қона алмады
Ресейдің Новосибирск қаласынан Өскеменге бағыт алған ұшақ 7 қаңтар күні Өскеменде қалың тұман салдарынан көрінудің нашарлауына байланысты Астана қаласындағы қосалқы аэродромға қонды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәл осындай себеппен Өскемен-Астана бағытындағы рейс тоқтатылды.
Новосибирсе-Өскемен рейсінің 68 жолаушысына тегін тұратын жер, қайта брондау және билеттерді қайтару ұсынылды. 48 жолаушы қонақүйге орналастырылды. Оның ішінде 20 адам 10 қаңтарға дейін орналастырылып, билеттері Астана-Өскемен рейсіне қайта брондалды.
Ұшу 10 қаңтарға жоспарланған. 28 жолаушы 8 қаңтарға дейін жатақханамен қамтамасыз етілді.
Қонақүйге орналастырылған барлық жолаушылар 10 қаңтарға дейін үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.
- Қалған жолаушылар ақшаларын қайтаруды сұрады. Қайтару жолаушыларды тасымалдау ережесіне сәйкес жасалды, - деп хабарлайды Qazaq Air.