23:22, 15 Наурыз 2024 | GMT +5
Qazaq Bank акционері Бақыт Ибрагим қайтыс болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимнің денесі табылды.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.