QazaqGaz жер қойнауын пайдалану бойынша кезекті екі келісімге қол қойды

АСТАНА.KAZINFORM — «QazaqGaz» ҰК» АҚ перспективалы учаскелерді игеруге стратегиялық серіктестерді тарту арқылы газдың ресурстық базасын ұлғайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

QazaqGaz жер қойнауын пайдалану бойынша кезекті екі келісімге қол қойды
Фото: QazaqGaz

Мемлекет басшысының геологиялық барлау жобаларын ынталандыру және газ саласына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде ҚР Энергетика министрлігі мен «QazaqGaz „ҰК“ АҚ арасында стратегиялық әріптестермен бірлесіп көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға кезекті екі келісім-шарт жасалды.

ҚР Энергетика Вице-министрі Құдайберген Арымбек, «QazaqGaz „ҰК“ АҚ Басқарма Төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Ұлан Бүркітов және „КОР"Мұнай Компаниясы» АҚ Бас директоры Дәулет Ұзақов Маңғыстау облысындағы «Аққұдық» учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру туралы келісім-шартқа қол қойды.

Бұдан басқа, ҚР Энергетика Вице-министрі Құдайберген Арымбек, «QazaqGaz „ҰК“ АҚ Басқарма Төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Ұлан Бүркітов және „ҚазАзот“ АҚ Бас директоры Арман Мәулешев Ақтөбе облысындағы „Северный-2“ учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру туралы келісім-шартқа қол қойды.

о
Фото: QazaqGaz

Екі келісім-шарт та күрделі және аз зерттелген учаскелерде геологиялық барлауды жүзеге асыру үшін салықтық және реттеуші ынталандыруды көздейтін жақсартылған модельдік келісім-шарт шеңберінде жасалған.

Бұрын іске асырылған жобалар сияқты, стратегиялық серіктестер carry-қаржыландыру қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады, яғни барлық геологиялық және қаржылық тәуекелдерді қоса алғанда, инвестор тарапынан геологиялық барлау жұмыстарын 100% қаржыландыру жүзеге асырылады.

«Солтүстік-2» және «Аққұдық» жобаларын іске асыру өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Жаңа жұмыс орындарыашылып, елдің минералдық-шикізат секторының тұрақты дамуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.

QazaqGaz отандық және шетелдік серіктестермен барлық жобалар бойынша ынтымақтастыққа ашық.

Соңғы жаңалықтар