Qazkom Whatsapp-тағы банкроттық туралы қауесетті жоққа шығарды
Айта кету керек, Whatsapp желісі арқылы Qazkom карталарында қолма-қол ақша шешу мүмкін болмайды, банк банкротқа ұшырайды деген хабарлама таратылып жатыр.
«Qazkom әдеттегі режімде жұмыс жасап жатыр. Карталардан, депозиттерден, шоттардан қолма-қол ақша берілмей қалады деген қауесет шындыққа жанаспайды. Whatsapp арқылы таралып жатқан Qazkom банкротқа ұшырайды деген ақпарат жалған. Мұндай жалған ақпарат таратқандар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланатынын ескертеміз», - делінген банктің Фейсбуктегі парақшасында.
Банк қазіргі таңда өз құқығын қорғау үшін құқық қорғау органдарына жүгінген.
Енді қаржы институты қауесет шығарған адамды табуға мүдделі болып отыр.
«Банкті таңдау кезінде тек ресми ақпаратқа сену керек.
Биыл шілдеде Казкоммерцбанк Халық банкінің еншілес банкіне айналды, нәтижесінде Halyk тобы ТМД дағы үздік қаржылық топтардың үштігіне енді.
Qazkom жеке қаржы институты ретінде жұмыс істеп келеді. Ол үшін капитал көлемі мен өтімділік сақталған. Банк өнімдерінің құны мен тарифтері сол күйінде қалады. Екі банктің бірігуі клиенттерге бірқатар тиімді ұсыныс беріп отыр. Банктердің банкомат желілері бірікті. Қосымша тарифтер тоқтатылды. Жақын арада клиенттерге түрлі тиімді сервив түрлері ашылады», - деді банктен.