Qiwi plc Ресейдегі лицензиясынан айырылғаннан кейін Қазақстан мен БАӘ-де бизнес бастамақ

Бизнес, статистика, экономика
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Qiwi plc ресейлік бизнесін сату туралы келісімге байланысты 22,7 миллиард рубль шығынға ұшырауы мүмкін. Осы себепті компания 14,4 миллиард рубльі құнсызданғанын мойындады. Ресейдегі лицензиясынан айырылғаннан кейін компания Қазақстан мен БАӘ-де бизнес бастауға ниетті, деп жазады ресейлік ТАСС агенттігі.

Qiwi тобының Ресей Федерациясынан тыс бұрынғы активтеріне иелік ететін халықаралық Qiwi plc компаниясы ресейлік бизнесін сатуына байланысты 2024 жылы 22,7 миллиард рубль шығынға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы компания өзінің алдын ала болжамына сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен қатар, Qiwi plc дәл сол себеппен 2023 жылы 14,4 миллиард рубльінің құнсызданғанын мәлімдеді. Бірақ компания әлі де екі жыл бойы тоқтатылған NASDAQ биржасындағы листингке ұмтылады және АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) арқылы өз тарапынан бұзушылықтардың жоқтығын растауды жоспарлап отыр.

Лицензиясынан айырылған Киви-банкінің жағдайына қатысты Qiwi plc банк шоттарында 2,3 миллиард рубль қалғанын хабарлады. Компания оларды өзіне қайтаруды көздеп отыр. Депозиттерге кепілдік беру агенттігінің есебінде бұрын Киви-банктің меншікті активтері 4 миллиардтан астам рубльге – 68,2 миллиард рубльге дейін азайғаны айтылған.

Халықаралық Qiwi plc-тің еншілес компанияларының бірі Қазақстанда орналасқан және қазіргі уақытта Ұлттық банктің тексеруінен өтіп жатыр, делінген хабарламада. Мұндай тексерулер ақшалай немесе басқа санкцияларға әкелуі мүмкін, деп есептейді компания, бұл кейбір қызметтерді ұсыну мүмкіндігін шектеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар