Ірі компаниядан 33 млн теңгені алаяқтық жолмен заңсыз иеленген азамат ұсталды

Ірі компаниядан 33 млн теңгені алаяқтық жолмен заңсыз иеленген азамат ұсталды
Фото: azattyq-ruhy.kz

Қызылордалық полицейлер ірі компаниядан 33 млн теңгеге жуық ақшаны алаяқтық жолмен заңсыз иеленген азаматты құрықтады, деп хабарлайды Kazinform. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Атырау қаласында іздеуде жүрген 37 жастағы қызылордалықты қолға түсірді.

«Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ол биыл шілде айында алаяқтық жолмен ірі компаниядан 33 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада синтетикалық есірткі сақтаған адам бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар