«Рагас» тайфуны: Қытайда 1,89 млн адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстігіндегі табиғи апатқа байланысты 1,89 миллионнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды. 

Тайфун
Фото: Синьхуа

«Рагас» тайфуны Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясына келіп жетті.

Сұрапыл дауыл секундына 40 метр болатын жылдамдықпен провинцияның Янцзян қаласындағы Хайлин аралына соқты.

Тайфун
Фото: Синьхуа

Бүгінде провинция бойынша 1,89 миллионнан астам тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Синоптиктердің болжауынша, Рагас батысқа қарай шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен жылжып, біртіндеп әлсірейді.

«Рагас» тайфуны Филиппин мен Тайваньда 10-нан астам адамның өмірін қиды.

Соңғы жаңалықтар