Рахат Қалжан күрестен Азия чемпионатының финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында еркін күрестен жарыстар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
None
None

Қазақстандық Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақ санатында финалға шықты. Ол жартылай финалда қырғызстандық Алмаз Сманбековті 6:5 есебімен жеңді.

Ақтық сында Рахаттың қарсыласы Үндістан спортшысы Кумар Рави болады.

Сондай-ақ екі қазақстандық атлет жұбаныш финалына жолдама алды. Талғат Сырбаз (70 келіге дейін) бен Мамед Ибрагимов (97 келіге дейін) үшінші орын үшін таласады.

Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.


Соңғы жаңалықтар