Рахат Тұрлыханов әйеліне тағы қол көтерген

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов тағы да әйеліне қол көтерді.

рахат тұрлыханов
Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov/

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның жұбайын ұрды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Медеу ауданында болған отбасылық жанжалға байланысты түскен шақырту бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен. Кейін жанжалға қатысқан тараптар мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Әйел әуеліде өзіне күш қолданылғанын айтқан. Алайда мұны жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз жазған.

— Істі қарау нәтижесінде ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі («Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Рахат Тұрлыхановты 2024 жылы қаңтар айында Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты жұбайына қол көтергені үшін 10 тәулікке қамауға алған еді.

Соңғы жаңалықтар