Рамазан айында қарияларға құрмет көрсетілді

ОРАЛ. 28 шілде. ҚазАқпарат - Мұхаммед Гариф Тулбаев атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилманов облыс орталы­ғындағы қарттар үйіне барып, ондағы жандар­ды Рамазан айымен құттық­тады.
None
None

Облыстық мешіттің баспасөз хатшысы Нұрлан Саматұлының хабарлағанындай, имам ата-баба аруағына арнап Құран оқып, дұға қылды. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға­сы, бас мүфти Ержан Малға­жы­ұлы­ның атынан баршаңызды исі мұсылман­ның ұлық мерекесі -Рамазан айымен құттықтаймын. Тұтқан оразамыз қабыл болсын», деген Қ.Ғилманов қарттар үйінің жанынан саябақ салынуы үшін мешіт қорынан 50 000 теңге бөлініп отырғанын жеткізді. Содан соң қариялар үйіндегі Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Толстовтың 99 жасқа толуымен құттықтап, тілегін айтып, сыйлық табыстады.

Өз кезегінде сөз алған қа­риялар қасиетті Рамазан айын­да арнайы келіп, ыстық ілтипат білдіргені үшін имамға алғыс­тарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар