Рамазан айының қасиеті мен фазіреті көп - Алматы қаласы орталық мешітінің найб имамы

АТЫ. Қыркүйектің 4-і.ҚазАқпарат  /Әділет Мұсахаев/ - Қазір  сәждеге бас иген күллі мұсылман қауымының қасиетті айы. Өзін мұсылман санаған әрбір азаматтың ауызы берік. Рамазан айының қасиеті мен ерекшеліктері туралы Алматы қаласы орталық мешітінің найб имамы Мәди Ахметовтың пікірін білген едік.
None
None

         
«Қасиетті Рамазан айы һижра жыл санауының екінші жылында Шағбан айының соңында Құран Кәріммен парыз болған. Құран кәрімнің Бахара сүресінің 183 аятында «ей Аллаһқа иман келтіргендер, сендердің алдарыңдағыларға парыз болғандай, сендерге де Ораза парыз болды, бәлки сендер тақуа боласыңдар» делінеді. Бұл аяттың көптеген хикметі бар. Қандай хикмет десеңіз, бұл аятта  бізге Исламға дейінгі болған кітаптардың барлығында да Ораза адамдарға парыз етілгендігін хабар қылып отыр. Демек, Ораза тек Исламның кезінде пайда болған емес, Исламның алдында Иса (а.с), Мұса (а.с), Інжіл, Тәурат, кітаптарының ішінде де парыз делінген. Бірақ біздің ережемізден олардың ережесі бір бөлек. Оған дәлел мысалға Мұхаммед (с.ә.с) айтқан сәресін ішіңдер деп, біздің Оразаның басқалардан айырмашылығы біз сәресін ішеміз, ал олар сәресін ішпеген. Оларға Ораза парыз болғандай, сендерге де парыз болды дейді, бәлки тақуалыққа келесіңдер дейді. Тақуалық дегеніміз - ол Алладан қорқып, Алланын қайт деген нәрсесінен қайтып, бұйырған нәрсесіне бару. Яғни имандылық, мұсылман адам «Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» - деп оны мойындағаннан бастап,  мойнына намаз, зекет, ораза, хажылық ілінеді. «Осыны істеген адам мұсылман, істемеген адам мұсылман емес» деп түсінбеу керек.  Ол адам парызын орындамай жүрген мұсылман», дейді найб имам.

Оның айтуынша,  Рамазан айының қасиеті және фазіреті көп. Қандай фазірет десеңіз, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ә.с) хадисінде айтылады: «Сендерге Ораза айы келіп жетті, бұл айдың түні басқа айдың түнінен мың есе артық». Өйткені бұл айда Қадір түні бар. Бұл айда құран түсті, сол Қадір түні кезінде Аллаһ тағала ең бірінші Құранның аяттарын түсірген, әләһ және уәләһ  сүресінің бастапқы бес аятын түсірген, «оқы, бүкіл әлемді жаратқан Алланың атымен оқы» деп басталады.

 Рамазан  айының тағы бір кереметтілігі жайында найб мүфти былай дейді: «Бұл айда Құран түсті, пайғамбарлық түсті, пайғамбарымыз Мұхаммедке  (с.ә.с) дін келді, ол дін не үшін келді? Құранда айтылғандай қараңғылықтан нұрға шақыру, нұрға бағыттау үшін. Анау зұлматта жатқан, адасуда жүрген қауымды тура жолға түсіру үшін келген дін, осы Рамазан айы сонысымен шарапат». Сонымен қатар  Рамазан айында Ораза ұстаған адам таңнан кешке дейін тамақ, сусын ішпей, жаман сөзден, нәпсіден тыйылуы тиіс. Өйткені Рамазан айы құлшылық айы, пайғамбарымыз хадисінде айтқандай, «бұл айда жәннаттың есігі ашылып, тозақтың есіктері жабылады, сондай-ақ шайтандар шынжырға құрықталады».  Жәннаттың есігі осы айда Аллаға құлшылық етіп, өзін-өзі тәрбиелеп, тамақтан, ішуден, жаман сөздерден және жаман қылықтардан арылған  адамдарға ашылады. Егер осы айда әртүрлі жаманшылық, азғыншылық істеп, шариғаттың шеңберінен шығып қылмыс істесе, ол жәннатқа бармайды. Ал тозақтың есігі  кімдер үшін жабылады десең, ол Аллаһқа құлшылық етіп, оны еске алып, бес уақ намазын оқып, Оразасын ұстап, Аллаһқа мінәжат еткен адамдар үшін жабылады. Және бұл хадисте шайтандар шынжырланады дейді. Яғни адамның ең басты жауы кім?  Ол - шайтан. Адам жақсылыққа бағытталса, шайтан әрқашан адамды жаманшылыққа бұрып отырады. Міне қасиетті Рамазан айында бүкіл  шайтандар байланып тұрады. «Құлшылығыңды жаса, Оразаңды ұста, намазыңды оқы, зекетіңді бер, пітір садақаңды бер, қолыңнан келсе мұсылмандарға, адамзатқа және Аллаһтың жаратқан бүкіл мақлұқатына жақсылық қыл, саған кедергі болатын шәйтанның өзін байлап қойдым», - делінген. Яғни оны істемей жалқауланып немесе басқадай себептермен бұларды орындамай жүрсең, онда сені шайтан азғырып жүрген жоқ, сен өзің шайтан боп істеп жүрсің,  дейді.

 «Сондай-ақ Рамазан айында Қадір түні болады. Ол түн соңғы он күннің ішінде болады. Ол түн Аллаһ тағаланың нығметі түскен түн. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде «кімде-кім қадір түнін имандылықпен және құлшылықпен өткізсе, онда Аллаһ тағала оның сол күнге дейінгі жасаған бүкіл күналарын кешіреді» делінген.  Мұсылман болған адамға бұл Алланың жіберген бір нығметі. Нығмет дегеніміз -  құлшылық, шариғат. Діннің, Құранның түсуі, адамзатты тура жолға бағыттайтын ислам дінінің келуі осы Рамазан айында болған»,   -  дейді М.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар