Рәміздерді насихаттау жүйесін жаңғырту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жоспардың жобасы әзірленді - Г.Әбдіқалықова (ФОТО)

«Мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың рәміздерін қолдану мен насихаттау жүйесін жаңғырту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жоспардың жобасы әзірленді», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Бұл құжатты Елбасының ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау аясындағы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия әзірледі.
Мемлекеттік хатшы Жоспарды әзірлеудің басты мақсаты - қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жүйесін жаңғырту екенін атап өтті.
Отырыс барысында тиісті мемлекеттік органдарға жаңғырту жөніндегі шаралар өткізу мен мемлекеттік рәміздер саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық насихаттауға назар аудару жүктелді.