Ratel.kz пен Forbes-тің ұсталған журналистеріне куәгер мәртебесі берілді - ІІД

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ratel.kz және Forbes интернет басылымдарының ұсталған журналистеріне куәгерлер мәртебесі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ratel.kz пен Forbes-тің ұсталған журналистеріне куәгер мәртебесі берілді - ІІД

Олар қорғалуға құқығы бар куәгер мәртебесімен тіркелді.

«Іс фигуранттарынан жауап алынды. Олар Алматы қаласы ішкі істер департаментінің тергеу амалдарынан кейін жіберілді. Осы іс бойынша ешкім қамауға алынған жоқ. Қазір іс фигуранттары қорғалуға құқығы бар куәгер мәртебесімен тіркелген», - деп мәлімдеді Алматы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұдан тыс, құқық қорғаушылар әлеуметтік желідегі ақпаратты қайта жарияламауға шақырып жатыр.

«Алматы қаласының ІІД іс бойынша шаралар заңнама және азаматтар құқықтарын қатаң сақтай отырып жүргізіліп жатқанын мәлімдейді. Кейбір БАҚ-та құқық қорғау органдарының әрекеттері туралы қарама-қайшы ақпараттар жарияланған. Осыған байланысты әлеуметтік желіден алынған ақпараттарды жариялауға сақ болуға және алынған ақпаратты Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінен нақтылап алуға шақырамыз», - делінген хабарламада.