19:00, 31 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Ratovich пен Отырар сазы: Ақордада әнұранды теңдесі жоқ тандем орындады
АСТАНА. KAZINFORM – Осы уақытта Jibek Joly телеарнасы эфирінің жаңажылдық бөлігі Президент Телерадиокешенінің Ақордада түсірген видеосымен ашылды, деп хабарлайды Kazinform.

Көрермендер Қазақстан әнұранын белгілі пианист, сахнада Ratovich есімімен танымал Темірлан Бейсенбаевтың ерекше орындауында тамашалады.

Ақорданың жаңажылдық нақышта безендірілген көрінісінің аясында, Президент резиденциясының әсем бағында фортепиано аккордтары орындалып жатыр.
Ал Ақорданың орталық салтанатты сарайында Динара Тілендиеваның басқаруындағы «Отырар сазы» оркестрі мен «Астана опера» симфониялық оркестрі әнұранды домбыраның сүйемелдеуімен орындады.
Теңдессіз жоба шеберлерінің шығармашылық туындыларына тәнті болып қайтыңыздар!

