Райымбек ауданы бір гектардан 50 тоннаға дейін картоп жинап жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысының Райымбек ауданына Голландиядан картоптың «Сантэ» және «Агрия» тұқымдары әкелінді. Шаруалардың аста-төк өнім жинап жатқаны - осы сорттар. Бір гектардың берекесі 50 тоннаға дейін жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Картоптың гектарынан 300, кей жерлерден 500 центнерге дейін өнім алынуда. Бірақ бұл жиналған картоп нарыққа шығарылмайды. Келесі жылға шаруаларға тұқым ретінде таратылады. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жетісудағы ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, осы бағытта шаруаларға мемлекеттен жан-жақты қажетті қолдау көрсетіліп жатыр. Биыл ауданда екі сервистік орталық құрылып, қажетті комбайн, трактор және басқа да жабдықтар алынды.null

«Елбасы Жолдауында да, өздеріңіз білесіздер, шағын және орта кәсіпорындарға ақшаны көптеп бөлу туралы айтылды. 87 миллионға күзгі жиын-терім науқанына қажет техникаларды алдық. Бәрі дер кезінде келді. Қазір жұмыс істеп жатыр»,  - дейді сервистік-дайындау орталығының директоры Марат Манапұлы.  

 null   Райымбек ауданында өсірілген картопқа инвесторлар да қызығушылық танытып отыр. Ауданның географиялық орналасуы және климаттық жағдайы «фри» және «чипс» өндіруге қажет картопты өсіруге мүмкіндік береді.null

«Мұнда жер теңіз деңгейінен 1800 метр жоғары орналасқан. Бұл маңда, барлықтарыңыз білесіз, колорад қоңызы сияқты зиянкестер жоқ. Ауруға төзімді осындай картоп тұқымын әкелгендіктен, осындай мол өнім алып отырмыз», - дейді Райымбек ауданының әкімі Жолан Омаров.

Алматы облысының жаңадан құрылған Райымбек ауданында картоп өндірісі осылайша жанданып келеді. Аудан «Нарынқолдың картобы» деген бренд қалыптастырып, болашақта Алматы мен Астана қалаларын, Алматы облысын сапалы өніммен қамтамасыз ете алатындай жағдайға жетуді межелеп отыр.  Биыл нарынқолдық шаруалар қоймаға 2500 тоннаға жуық картоп бастыруға ниеттеніп отыр.null

Соңғы жаңалықтар