РБК 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Жақында Республикалық бюджет комиссиясы 2013-2017 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын бірінші кезеңде мақұлдады.
None
None

Бұл туралы Экономикалық даму және сауда министрлігінен хабарланды.

«Атап айтқанда, 2013-2017 жылдарға әлемдік экономиканың дамуының және тауар нарығындағы бағалардың өзгеруінің үш сценариі қарастырылды (оптимисттік, пессимисттік және базалық). 2013-2017 жылдарға болжамды қалыптастыруда базалық сценарий негізге алынды», - делінген баспасөз айғағында.

Сонымен қатар, болжамдар бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 2013 жылға 6,3 пайыз, 2014 жылға 6,5 пайыз, 2015 жылға 7,7 пайыз, 2016 жылға  6,8 пайыз және 2017 жылға  7,0 пайыз құрайтын болады. Берілген параметрлер экономиканың орта мерзімді кезеңінде 7 пайыздық өсімін қамтамасыз етуіне сәйкес келеді.

2013 жылға жан басына шаққандағы ЖІӨ 14 мың АҚШ долларын құрап, 2017 жылы 25 мың АҚШ долларына көбейетін болады.

Өнеркәсіпте орта жылдық өсу қарқыны 5,9 пайызды құрап, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 7,8 пайыз құрайтыны күтіледі. Қызмет көрсету саласы тұрақты дамитыны болжанады.  

Жоспарланып отырған параметрлер өсіміне қол жеткізуге жүргізіліп жатқан экономикалық, бюджеттік және инвестициялық саясаттар әсерін тигізетіні болжанып отыр.  Бұдан бөлек,  макроэкономикалық болжам негізінде, 2013-2015 жылдарға арналған бюджет параметрлері әзірленген. Бұл ретте бюджет тапшылығының параметрлері ЖІӨ-ге қатысты бекітілген бюджет деңгейінде анықталды.

Соңғы жаңалықтар