10:35, 03 Қазан 2017 | GMT +5
«Реал» әйелдер футбол командасын құрмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес клубтың әйелдер командасын құруды жоспарлап отырғанын мәлім етті. Бұл туралы prosports.kz. хабарлайды.
«Біріншіден біз команданың жаттыға алуы үшін әйелдердің футбол бөлімін ашқымыз келеді. Біз шетелдік ойыншылардан құралған команда құруға ниетті емеспіз, алайда, әуесқой болса да команда құрылуы керек», - деді Перес.