«Реал Мадрид» футболшылары Алматыға келе жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Реал Мадрид» Қазақстанға сапар алдында ойыншылардың суреттерін жариялады. 

«Реал Мадрид» футболшылары Алматыға қарай жолға шықты
Фото: realmadrid / instagram

Клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланған суреттерден футболшылардың әуежайда екенін және Алматыға ұшуға дайындалып жатқаны байқауға болады. Суреттерде Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем, Арда Гүлер, Франко Мастантуоно, Родриго, Тибо Куртуа, Эндрик Фелипе және Дани Себальос көрінеді.

Команданы ұзақ сапар күтіп тұр — Қазақстанның оңтүстік астанасына дейінгі жол шамамен сегіз сағатқа созылады.

Еске салайық, матч алдында «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команданың дайындығы туралы айтты. 

Сондай-ақ Backstreet Boys концертінен кейін Орталық стадион көгалы қандай жағдайда екенін жазғанбыз. 

Бұл матч қазақстандық жанкүйерлер арасында ерекше қызығушылық тудырып отыр. Ойын билеттері сатылымға шыққаннан кейін санаулы сағаттарда сатылды. 

Ticketon коммуникациялар директоры Азамат Атагелдінің айтуынша, сатылымның шарықтау шегінде платформада бір мезетте 1 млн қолданушы болған.

Соңғы жаңалықтар