Редактор бағаны: «Бес арыстың» бағасын білгенімізбен сөз құдіретін терең түсіне алдық па?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кешегі 90 жылдары, тәуелсіздіктің ақ таңы атып, қазақ тамырынан, өзегінен нәр ала бастады. Әрине, бұл күнде Қазақстан әлем таныған елдердің қатарында. Дегенмен, өзіңді тану, өз болмысыңды білуге деген құштарлық сол кездегі еркіндік дәуірінің алғашқы тұсында үлкен екпінмен басталған-ды. Тарихтың ақтаңдақ беттері ашылып, жазықсыз жапа шеккен арыстардың аты еркін атала бастағанда ел азаматын жоқтап емес, қайта кешегісімен қауышқандай сусап, бір мауқын басқан еді. «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарттық агенттігі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап, оқырманға жаңа жоба ұсынбақ. 
None
None

Бұл жобада ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары жарық көрген, тарихи бетбұрысқа себеп болған шығармалар, ғылыми еңбектерді жариялау қарастырылып отыр. Оның мақсаты - қазіргі ақпараттық заманда құнды шығармаларды Интернет «тіліне аударып» оқырманымен қайта қауыштыру.

«Ей, тәкаппар дүние!
Маған да бір қарашы.
Танисың ба, сен, мені?
Мен - қазақтың баласы!» ,- деп Қасым ақын жырлағандай Тәуелсіздікпен бірге қазақ елі ғасырлар бойы қамыт болған бодандық түнегін сыпыра оянды. Сол тұста кешегі зұлмат жылдары сұраусыз атылып, асылып кеткен қаншама авторлардың тарихи, әдеби шығармалары өзінің шын оқырманына жетіп, рух өзегінен қанып су ішкен-ді. Осы кезде оқырман қолына асыға жеткен, 1992 жылы қиын-қыстау кезеңнің өзінде 30 000 тиражбен шыққан «Бес арыс» кітабы іздегенге сұраған болды. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов туралы қаламгерлердің арысы 30 жылдары берісі, тың деректерге толыққан жаңа шығармалары жинақталып басылды. Кітапқа пікір жазған жазушы Сәкен Жүнісов:

«20-30 жылдар -шимайы көп, шытырманы мол аса күрделі кезең. Ол уақыттағы соқтықпалы, соқпақты сан сораптан сүрінбей, бір-біріне сүйкенбей өткендер аз. Осы мәселеге орай жинаққа авторлар іріктегенде моральдық құқ дегенге де ден қоюға тура келді», деп жазды.
Бұл жерде автор ғана емес, оқырманның да моральдық ақысы барын жазушы меңзеп отыр. Соны астарлап жеткізген жазушы ағамыз ары қарай:
«Нәтижесінде, «Бес арыс» - халқымыздың тек аяулы бес перзенті туралы ғана емес, олармен қанаттас, қатарлас жүрген көптеген қайраткерлер хақында да қажетті деректер беретін, солар арқылы алғашқы қазақ интеллигенциясының тағдыр-талайына шама-шарқынша барлау жасай алған, елдің әр кезеңдегі ақыл-ойы мен мәдениетін қайғысы мен қасіретін, бұралаң-бұлдыр жолдарын, алға тартатын біршама толымды жинақ болғандай», - деп жазады.

Айта кету керек, жинақта Ғабиден Мұстафиннің 1979 жылы 6 ақпан күні күнделігіне жазған «Сыр ашуы» да берілген. Бұл күнде Алаш арыстарының есімдерін еркін атап жүргенімізбен, сол 70-ші жылдардың аяғында ол туралы сөз қозғаудың өзі қорқынышты еді.
Ғабиден Мұстафин сол «Сыр ашу» естелігінде:

«Ахмет, Мағжан Жүсіпбек, Шәкәрімдердің ғылыми, әдеби, тамаша еңбектері әлі көмулі жатыр. Неге? Өйткені, ол еңбектерді ұрлап, жырымдап пайдаланып атақ алғандар, қарнына қазы біткендер бар. Бұлар көмбені ашқызбауға тырысады. Ашылса, өздерінің қоясы ашылады. Әдебиетте мен сияқтылар совет дәуірінің бұрынғысы мен қазіргісін басынан кешіре отырып, әділетті бүркеп кетсек, кейінгілер не демек? Біз бүркегенмен, олар ашады. Қазақ тарихы, қазақ әдебиеті жойылмаса, Ахмет, Мағжан Жүсіпбек, Шәкәрімдер жойылуы мүмкін емес. Тарихымыздың төрінен орын алады олар. Сондықтан, мен осы «Сыр дәптеріме» жазып кеттім, кейінгілердің қарғысына ұшырамауды ойладым. Дүниеден өзің кеткенмен, ізің қалса болғаны. Сол ізбен келіп сырыңды ашады кейінгілер», деп жазды. Сөз таныған адам жазушының ар қиналысын ғана емес, болашақта ақиқат таңы ататынын сезіп жазғанын аңғарары нық. «...кейінгілердің қарғысына ұшырамауды ойладым», - дейді Ғабиден Мустафин. Анығын айту керек, біз аласапыран заманның тарихын қал-қадірімізше танып, бүгінде өз деңгеймізде баға беріп келеміз. Алайда, сол қиын тағдыр ғана емес, сырлы шығармалар иелерінің сол кездегі мағыналы сөздерін бұл күнде толық тарқата алып жүрміз бе? Тарқатып, таратып қана қоймай, күнделікті өмірімізде насихат сөздерін үлгі ете алдық па? Осы орайда, өткенге тағы бір зер салып, кешегінің айтқаны мен бүгінгі ой-тұжырымды таразы басына қойып қарағанға не жетсін дейсің. Осы мақсатпен жаңа жоба аясында 1992 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Бес арыс» кітабындағы шығармаларды рет-ретімен жариялауды жөн көрдік. Алғашқы ұсынарымыз ғалым Қайым Мұқамедхановтың «Шәкәрім» зерттеу еңбегі.
Алмас Мұқашұлы 

*** 

Қайым Мұқаметханов

ШӘКӘРІМ

Қазір әдебиетіміздің тарихында орны ойсырап тұрған, елге ежелден белгілі болған ақын, жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрімді атауымыз орынды деп білемін. Өйткені ол - Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда - бірегейі.

Олай дейтініміз, Абай шәкірттерінің ішінде көп жаса- ғаны да, көп жазғаны да - Шәкәрім. Ол - әрі лирик, әрі эпик ақын және прозаик, ол - композитор және музыкант, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын ганыстырған шебер аудармашы, ол - терең ойшыл әрі бар- мағынан мөр тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәде- ниет қайраткері.

Мұхтар Әуезов «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласында «Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен» ақындар туралы айта келіп: «Мұндай ақын - төр теу,- дейді.- Оның екеуі - Ақылбай, Мағауия; Абайдың өз балалары... Қалған екеуі - Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері, Абай дан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлең мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған... Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзеудің жолын айтады. Дәлін айтқанда, мыналар Абайдың ақын шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушының мектебі сияқты болады». (М. О. Әуезов.-«Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер», Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1967 ж., 244-бет).

XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақынымыз - Шәкәрім. Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң, халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Шәкәрім ақын өзінің өмірдегі мұрат-мақсатын айқындап ашып айтып, халқының алдында серт беріп, былай дейді:

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін.

Серт қылғам еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Ақын осы айтқан сертінен өл-өлгенше танған емес. Ақынның бір айтқан сертінен айиымайтын адалдығына, оның адамгершілік қасиетіне көзі жетіп, көңілі сенген туған халқы ардагер азамат ақынын ардақтаған. «Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың»,- деген Абай қағидасын Шәкәрім бүкіл өмір бойы берік ұстап өткен адам. Ақын:

Адамның маған. бәрі бір,

Не мұсылман, не кәпір.

Тамам адам бір бауыр,

Бөлінбесе өлген соң.

Мен ұлтшыл емеспін,

Жақыным мынау демеспін,

Ашылсын анық көмескім,

Айтайын кезі келген соң,-

десе, Шәкәрім туралы Сұлтанмахмұт Торайғыров былай дейді:

Бұл қазақтан мақсұты биік-алыс,

Таппаса да сөзіне құлақ салыс.

 «Қазақ» деп жекелеме, «адамзат» де,

- Ол кісінің пікірімен болсаң таныс.

Демеңіз тымақ киген бір жай қазақ,

Киген киім, жұрісі, түріне қарап.

Надандар, оны өлшейтін өлшеуің жоқ,

Аулақ жүр, біле алмайсың жай шамалап!

Белгілі революционер-болышевик, азамат соғысының қаһарманы, журналист, жазушы әрі тарихшы Сабыржан Ғаббасов 1915 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Тарих қазақ жайынан» деп аталатын еңбегінде, Абай мен Шәкәрім туралы да жазған:

«Ибраһим мырза яғни, Абайды білмеген жұрт жоқ. Абай мырза өте дана, өте шайыр (ақын Қ. М.), философ бір адам. Бірақ, жұрт қадірін тірі шағында білмесе де, осы күні әркім оны сағынады. Өлгеніне бірнеше жыл болған Құнанбай мырза менен Абай марқұмды жұрттың жадына қадірлі ақсақал Шәкәрім Құдайберді баласы да түсіреді. Бұл адамның жазған кітаптарын қолға алып қарай бастағанда, бұл кітап жазушы ақсақалдың үлкен әкесі марқұм қажы Құнанбай қандай болғанда, ағасы Абай қандай болған деп ойға алынады...

Бұл күнде милләтіне (ұлтына. Қ. М.) қаламымен қызмет қылып жатқан құрметті, аса қадірлі Шаһкәрім, күміс ер-тоқым, күміс белдік, жуан бос құрсаққа мас болып, қажы деген сөзге төбесі көкке жеткендей болып жүрген қажыларымызға үлкен-ақ, үлгі боларлық... Шаһкәрім сияқты ақсақалдарымыздың ғұмырына берекет беріп, оқыған жастарымызға Шаһкәрімдей болуға нәсіп етсін»,- депті («Айқап», № 6, 1915 жыл, 95-бет).

 

Сабыржан Ғаббасов Шәкәрімді жақсы білетін адам. Сабыржанның туып өскен жері Аягөз-Шыңғыстаумен көршілес ел. «Айқап» журналы шыға бастағаннан бері Сабыржан сол журналдың тұрақты жазушыларының бірі болған. Шәкәрім де «Айқапқа» жазып тұрған. Шәкәрімнің басылып шыққан еңбектерінен Сабыржанның оқыған кітап тары: «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі» (1911), «Қазақ айнасы» (өлеңдер жинағы, 1912), «Қалқаман - Мамыр» (1912), «Еңлік-Кебек» (1912) поэмалары т. б-.

Шәкәрімнің қалдырған мұрасы - сан салалы, сан алуан, ешқашан маңызың жоймайтын мол қазына.

 

* * *

Ақын 1931 жылы 73 жасында асыра сілтеудің құрбаны болды. Ақынның жазықсыз оққа ұшуын баян етуден бұрын, оның басынан кешкен өмір жолын қысқаша болса да шолып өтуіміз қажет болды.

Ақынның аты, еңбегі елге ерте әйгілі болғанмен, оның өмірбаяны зерттеліп, жазылған емес. Өмірбаяннан мағлұматымыз болмай тұрып, жалаң оймен ақын туралы айтқан пікір ешкімді де иландыра алмайды.

Ақын өзі туралы былай дейді:

Кетермін, артта жазған сөзім қалар,

Кейінгі талапты жас қолына алар.

Бірі жөн, бірі теріс айыпты деп,

Таласып өздерінше сынға салар

Табиғи жол өткенді жаңа сынау,

Жаманнан жиіркеніп,

жақсыны ұнау.

Дәлелдеуге келген соң, келмес тілім,

Тіршілікте айтатын сөзім мынау:

- Сынау қиын біреудің сырын білмей,

Кетпе өмірін, ортасын көзіңе ілмей.

Ауыр жүк арқалаған жолаушыға

Жағада жүксіз тұрған жанша күлмей.

Қайықпен кездім теңіз ауыр күнде,

Қанды оқпын, қатты толқын, қара түнде.

Заманым заманыңа сәйкес келмес,

Сынап көр сол қайыққа сен де мін де.

Иесіз өзім кестім кіндігімді,

Зорға аштым тар үңгірде түндігімді.

Өткен өмір жайымды түгел ұқсаң,-

Сонда анық білерсің кімдігімді.

Енді ақынның өзі жазып қалдырған мағлұматтары бойынша өмірбаянына шолу жасап көрейік.

 

Құнанбайдың Күңке дейтін бәйбішесінен туған жалғыз үлы - Құдайберді, Құдайбердінің Дәметкен (Төлебике) дейтін бәйбішесінен төрт ұлы болған: Омар, Мұртаза, Шаһмардан (Шәке), кенжесі - Шаһкәрім (Шәкәрім).

 

Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туған балаларының бірі - Абай. Сөйтіп, Құдайберді Абайдың ағасы болады. Құдайбердінің баласы Шәкәрім - Абайдың немере інісі.

 

Шәкәрім 1858 жылы, ескіше 11 июльде дүниеге келген. Бес жасында оқуға беріліп, жеті жасына шейін оқу оқиды. Құдайберді 1866 жылы 37 жасында дүниеден өтіп, Шәкәрім жеті жасында жетім қалады.

 

Шәкәрім жеті жасында өлең шығарып жаза бастағаи. Ол өзінің бір әңгімесінде былай дейді:

- Жазғытұрым әкем өліп, ауылға ат қойып келіп жатқан адам көп болды. Мен осы кезде есік алдындағы төбе- шікте отыр едім, тасқа өрмелеп бара жатқан жұлдыз құртты көріп, оны езіп өлтірдім. Әлден соң өлген құртқа жаным ашып аядым. Сонда жылап отырып, құрт болып өлең айтқаным бар. Содан ойымда қалғаны:

 

Өлтірдің, не таптың сен онан пайда,

Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда.

Өлімнін кандайлығын көзің көрді,

Кешегі тірі жүрген әкең қайда?

Менің де жетім қалды балаларым,

Олар да жылайды іздеп аналарын.

Өзің жетім, жетімді аясаңшы,

Жоқ екен басыңда ми саналарың...

  

Сонда жазған өлеңімді шешелеріме оқып беріп, олар жылап, «өлең жазба» дегені есімде,- дейді.

Шәкәрім әкеден жетім қалды деген аты болмаса, жетімдік көрмеген, Құнанбайдың ерке немересі болып өскен.

«Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғьлымнан мақрұм қалып, жетімдікті сылтау қылып ойыма не келсе, соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім»,- дейді.

 

(Шаһкәрім Құдайберді ұғылы, Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі, 1911 ж. 72-бет).

«Ойыма не келсе, соны істеп дегенде, ерке жетім, жас бала Шәкәрім не істеген? Оны өзінің жазған өмірбаянынан көреміз:

 

...Он жасыма келген соң,

Домбыра, гармонь білген соң

Мылтық атып жүрген соң,

Аңшы боп түстім азапқа.

Өзгеше болмақ сүйгенім,

Осыған басты игенім,

Киімді бөтен кигенім,

Ұқсатпай орыс, қазаққа.

Сағат пен орган жүргенін,

Таңырқап ашып көргемін,

Оның да сырын білгемін,

Ұзатпай біраз заматқа.

Телеграмма жайын білуге,

Оны да сынай жүруге,

Бір үйден тарттым бір үйге,

Ішекті керіп қадаққа.

Телеграмма олай емес қой,

Ұқсатар ма екем деген ой,

Құлақпен естіп, жетпей бой,

Тым жас едім бл уақта Шеберлікке де бет қойдым,

1 Орган - күйсандық. Автордың өзі берген түсінік.

 

Сурет салып, түр ойдым,

Ұқсамақ емес бұл ойдың

Түбі олақ намартқа.

Он бесіме келгенде,

Қаршыға, бүркіт көргенде,

Құс салып жүрдім серуенде,

Еркіндеп шығып азатқа.

Ойым бар өлең айтқандай,

Ғылымға таман қайтқандай,

Жыбырлатып тартқандай,

Қармақ салып шабаққа.

  

Бұл, әрине, ойына не келсе соны істейтін, жеңіл мінезді, оқылдан ада, ойсыз ерке, шолжаң баланың істейтін ісі смес. Туысынан талантты, табиғи дарынды, әр нәрсенің сырын білуге құштар, зерделі, зерек, қабілетті, талапты жасқа ғана тән ерекше мінез. Жас шағынан бастап, құштар болған жан-жақты өнерін Шәкәрім өмір бойы шыңдап, өркендетіп, өсіріп отырған Абайдың: «Адамның адамдығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес»,- дейтіні осы болады.

 

Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастаған ІІІәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.

 

Жиырмадан өткенде,

Азғана ғылым оқыдым.

Алғызып кітап шеттен де,

көңілге біраз тоқыдым.

Білмегенді сұрадым,

Жиыстырдым, құрадым,

Оқыған сайын ұнадым,

Жолына түстім осының.

Білімге салып тілекті,

Сыбанып едім білекті,

Ағартуға жүректі,

Аршымақ болып қоқымын.

Өлең мен сөзді шеберлеп,

Айтқаным мақұл болар деп,

Ындын қойып ентелеп,

Жарайды деп осыным,

Ондағы өлең, жырларым,

Ұнадым жастар тыңдарын,

Ескермей елдің мұңдарын,

Қаси алмадым қотырын.

«Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза,- дейді ол шежіре кітабында.- Қазақ ішінде Абай деп атай- ды. Сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек, дана кісі еді. Ер жеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім»,- дейді («Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», Орынбор, 1911, 72-6.). Шәкәрім ауылдан ұзап шығып, ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де, университеті де - Абай.

«Өлеңмен сөзді шеберлеп, айтқаным мақұл болар деп», анық ақындық өнер жолына түскенде, он тоғыз жасында жазған өлеңін өзі құрбылас талапты жастарға арнап, олар- ды Абайдан үлгі-өнеге үйреніп, тәлім алуға шақырады.

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорльіқсыз мал табалық.

Өтпес өмір, таусылмас мал берерлік,

Бір білімді данышпан жан табалық.

Ал енді олай болса кімді алалық,

Қазақта қай жақсы бар көз саларлық...

...Жүз айтқанмен өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық.

Білімді сол кісіден ізденелік,

Әдейі іздеп біз келдік сізге,- делік,

Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге делік.

Көп қуға көзіңізді сүзбе делік,

Ұқпас деп бізден үміт үзбе делік.

Залымдар заң үйретіп адастырды,

Бізді сал жөнделерлік ізге делік...

...Мынау Абай - бір ғалым жол

шығаралық,

Замандасы болмады сөзді үғарлық.

Амалы жоқ айналды енді бізге,

Күн туды етегіне жабысарлық...

Ақынның жиырма жасында жазғандары көбінше жастық махаббат өлеңдері болады: Мысалы:

  

Гауһардай көзі,

Бұлбұлдай сөзі.

Жаннан асқан бір пері.

Жүзі бар айдай,

Мінезі майдай,

Өзгеден артық сол жері.

Дариядай ақыл мол еді,

Жан ғашығым сол еді...

деп, басталатын өлеңін 21 жасында жазған. Енді бір өлеңі:

  

Жиырма үш жасымда бұл өлең

жазылған,

Табылмай басында өзіне лайықты ән...-

дсп басталады. Бүндай өлеңдері көп және өлеңдерінің бәрі де Абай үлгісімен жазылған. Әрбір өлеңіне арнап әнін де қоса шығарған.

Ақынның 21 жасында жазған және Абай сын айтатын, кәрілік туралы ұзақ өлеңі былай аяқталады:

Қызусыз тәнің,

Сезімсіз жаның,

Болады кәрілік белгісі.

Оны да сезбей,

Үмітін үзбей,

Келмейді шалдың өлгісі.

Алпыстан ары бармаңдар,

Байқамай шал боп қалмаңдар!

Бұл арада Мұхтар Әуезовті сөйлетудің реті келіп тұр. Мұхтардың сөзінен үзінді келтірейік:

«Ақын болмақ болып, талаптанып өлең шығарып көруге Абайдың іні, балаларының барлығы да ұмтылған. Бұл жағына келгенде Абайдың алды бір жағынан «әдебиет мектебі» сияқты да болады. Сол ретпен өлең шығаратын Көкбай, Шәкәрім, Абайдың өз балаларынан Ақылбай, Мағауия болады. Бұлардың бәрі де қысқа өлең, өсиет өлең айту Абайдың жол, дағдысы болғандықтан, өздеріне бөлек бет іздеген сияқты. Сондықтан төртеуі де ұзақ әңгімелі өлең жазады. Сонда Көкбай, Шәкәрім қазақ елінің ескі өмірінен - тарихи оқиғаларды жазса, Ақылбай, Мағауия Европа ақындарының салтымен Кавказда Зұлысты, Африканы өлең қылып, махаббатты жырлайтын сезімді поэманың (романти ческая поэма) үлгісін ұстағысы келеді.

Әрине, қазақ әдебиеті сол күнде баспа жүзіне шығып, сол күнде оқушы тауып отыратын жайға жетсе, Абай айналасынан, Абай мектебінен шыққан ақындар түгелімен Абайдың ізін баса шыққан үлкен әдебиет ағымын көрсеткен болар еді.

 

Абай бұл жастардың өлең жазуын қабылдаған. Кейбіріне өзі тақырып та беріп отырған. Бірақ бұлардың өлеңдеріне де жалпы өлеңге қоятын қатты сынын түгел қояды. Сондықтан сөздерін, ұнамаған уақытта міндерін өлеңге қосып та жібереді. Мәселен, Көкбай, Әріп, Шәкәрім үшеуінің үш түрлі өлеңдерін еске алып:

Сөз айттым Әзірет Әлі айдаһарсыз,

Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз.

Кәрілікті жамандап өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз,-

дейді. «Әзірет Әлі, айдаһарды Көкбайдың қисса жазғыш болғандығынан айтты, «Алтын иек сары ала қыз>> деп Сыбан Әріп деген ақын «Зияда» деген қиссасында сұлу қызды сипаттаймын деп, иегі алтын, көзі гауһар деп мақтауын асырып, түсіне қарамай, асыл тастарды санай берсе керек. Соған айтылған. Соңғы екі ауыз «кәрілікті жамандап...» айтқаны Шәкәрім өлеңіне арналған (Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ. 1933 ж. 382-383 бет.).

Енді Шәкәрімнің өмір кезеңдерін шолуымызға келейік. Шәкәрімнің өзінің жазған өмірбаянынан: «Жиырмадан өткенде, азғана ғылым оқыдым...» деген сөзін жоғарыда келтірдік. Енді Шәкәрім өмірінің осы бір кезеңі туралы Мүхтар Әуезовтің жазғанын келтірейік: «Ысқақты ұдайы үш сайлау -- 9 жыл болыс қылған соң, төртінші сайлауда: «Енді болыстықты Бәкемнің орнына беремін» деп, жасы 20-ға әрең толған Шәкәрімді болыс сайлатады. Бәкем деп өзінің үлкен шешесі Күңкеден туған Құдайберді деген ағасын айтады. Ол кісі ертерек өліп, артында екі-үш баласы жетім қалған. Сол ағасының аруағын сыйлағандықтан, жасы жетер-жетпесте, Ысқақты өкпелетіп, Шәкәрімді сайлайды. Шәкәрім бір сайлау болыс болып, 84-жылдың сайлауына келгенде, Абай ендігі болыстықты өзімен бірге туған кенже інісі Оспанға бермек болады»,- дейді (Абай Қүнанбай ұлы. Толық жинақ; 1933 ж., 365-бет.).

 

Бұл жөнінде Шәкәрім өзінің өмірбаянында былай деп жазды:

Өнерлі шебер тіл-жақты,

Алады деп бұл бақты,

Еріксіз маған ел жапты,

Болыстықтың тоқымын.

Болыстық салды жаман ой,

Ғылымды әзір қума, қой,

Ұлықтық деген үлкен той -

Деп, осыган лоқыдым,

Ашылмас кесел болды бұл,

Іздеген ғылым қалды тұл.

Азат басым болды құл,

Еріксіз жемтік шоқыдым.

Сөйтіп, Шәкәрім ел басқару ісіне еріксіз араласқанын омірінің өкінішті бір кезеңі деп біледі. «Жиырма мен қырықтың арасы; жас өмірдің сарасы, бос откенін қара- іиы»,- деп налиды. «Туған елім - надан ел» деп қапалана отырьіп, өз мінін де ашық айтып, аяусыз сынайды.

Туған елім надан жұрт,

Жуандық тағы бір қылқұрт,

Жетім ерке болып қырт,

Мансапқа мінген мен бір мас,

Осы айтылған төрт кесел,

Жасымда болды көзге шел,

Қырықка келіп астым бел,

Деді бір ой, көзіңді аш!

Көзін ашып, өсіп, өзгерген санамен, жаңарып, жаң ғырған ұғыммен ғылым дүниесіне терең бойлауға берік бекінеді. Шығыс тілдерін, орыс тілің емін-еркін меңгеруге бой ұрады.

«Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз» деген Абай қағидасын берік ұстаған Шәкәрім діннің соқыр сені- мін мансұқ етіп, дін иелерінің азғьіндығын әшкерелейді. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына да талғаусыз. табына бермейді, өз ақылына жүгініп, сыншыл ой көзімен қарап оқиды.

Адасып дінші азғанын,

Пәншілер ғылым қазғанын,

Философ ойшыл жазғанын,

Сынауға енді бұрдым бас,-

 

дейді. Өзінің зерлеп іздену жолы осындай болса, сол кезде өз халқының күйінішті тағдырына дерттеніп, терең тебіреніп, көп өлең жазады. Ол өлеңдері туралы айта келіп, былай деді:

Тағы да талай сөз жаздым,

Елім тәлім алсын деп,

Қазақтың мінін көп қаздым,

Адам емес, аңсың деп,

Өнер-білім білмеген,

Біріңді-бірің күндеген.

Тура жолмен жүрмеген,

Төрт аяқты малсың деп

Сөзіме құлақ қоймады,

Партияға тоймады,

Кім өз елін ойлады,-

Надандықта қалсын деп?!

Шәкәрім өзінің жазған өмірбаянында ойлаған ойын, сезім-сырын, наным-танымын, істеген ісін, қысқасы, бар шынын - жасырмай да асырмай, қалтқысыз көңілмен айқындап, ашық айтады.

Ол ойлаудан, үнемі тебіреніп толғанудан тынбайды.

Қырықтан аса бергенде,      

Ақылым қылды шерменде,

Дінім қалай, жаным не?

Жоғалам ба өлгенде?

Әлемді кім жаратқан,

Осынша түрлеп таратқан,

Көрінген сансыз планета,

Бірінен бірі бөлек пе?

Ахирет деген немене?

Шыққан жан қайта келе ме?

Кіре ме осы денеге,

Дәлелі қайсы сенгенде?

Осы оймен Мекке барғамын,

Әр түрлі кітап алғамын,

Ақылға сыймас жалғанын

Алмадым сынай келгенде.

Ноқтасыз оймен тексердім,

Бояулы діннен сескендім.

Дін шатағын көп көрдім,

Қатесін сынап тергенде.

Іздедім, таптым анығын,

Тастадым ескі танығын.

Хақиқат нұрдың жарығын,

Жарылды жүрек көргенде.

 

Шәкәрім Меккеге барғанда, шариғаттың мұсылмандарға міндет еткен бес парызының бірі - қажылық борышын өтеп және «қажы» деген атақ-дәреже алайын деген оймен бармаған. Бұл сапарға шығу мақсатын тағы бір үзақ өлеңінде толығырақ айтады. Сол өлеңінен үзінді келтірейік:

...Алақтап іздедім қару,

Бекілген артыма бару,

Керек боп көп ғылым табу,

Болып тұр күн қараң, һай-һай!

Орысша, не арабшадан,

Тілім жоқ жетіліп алған,

Кітап оқып түрік жазған,

¥ғындым осыны азғантай,

Білімдінің кітаптарын,

Жазыпты түрікше бәрін,

Философ, білгіш ойларын,

Сезіндім біразын байқай.

Кітап, ғылым, ой алмаққа,

Маған жол болды сол жаққа,

Жұмылдым Мекке бармаққа,

Тыныш ұйқтап, іше алмай шай.

Пароходта жүрдім жолда,

Әр елден кез келіп молда,

Он үшке күн боп Стамбулда,

Керек кітап табылғаны-ай!

Парижда да оқыған жан,

Түрік, шеркеш һәм үндістан,

Араб, башқұрт, қызылбастан,

Переводчик - түрік, ноғай.

 

Солармен керісіп сөзге,

Жоғарғы ой, мақсатым взге,

Түсіп сәуле соқыр көзге,

Ауыр тұман ашылғаны-ай!

Ол ойға көп керек тармақ,

Әр тілден словарь алмақ,

Сынап нағызына қанбақ,

Наданға болмай дау оңай.

Сол ойды бес жыл жаздым,

Арыдым, шаршадым, аздым,

Көп инемен құдық қаздым,

Сырым, ойым, жайым сондай...

Біздің қазіргі мәдениетті оқырман қауым үшін Шәкәрімнің бұл сөзіне түсінік беріп жатудың өзі орынсыз болар деп білемін.

Шәкәрім Мекке сапарына қамқор ағасы, ұлы ұстазы Абай дүниеден қайтқан соң, бір жылдан кейін барған. Негізгі көздеп барған жері, үлкен мәдениет орталығы, бай кітапханалары бар - Париж, Стамбул қалалары болған. Әдейілеп іздеп барған өзіне керегін сол қалалардан тапқанын өзі де айтады ғой.

  

Шәкәрім дін мәселесіне көзқарасында фанатик емес, ол схоластик дінді тіпті мойындамаған, діни соқыр сенімнен мүлдем аулақ, сыншыл еркін ойдың, өз сөзімен айтқанда, «ноқтасыз ойдың», «сау ақылдың» адамы.

 

Ақылмен таппақ иман жоқ,

Ойлаудан ақыл тыйған жоқ.

Талай дінді тексердім,

Ешбір ойға сыйған жоқ.

Тамам діннің түбі бір,

Бояған, бұзған салып түр.

Діншілдің көбі адас жүр.

 

Бір орынға жиған жоқ.

Алпыстан жасым асқанша,

Жетпіске аяқ басқанша,

Зарладым, жаздым, ұқтырдым,

Құлаққа ешкім құйған жоқ.

Философ, ойшыл, данышпан,

Терең ойлап, алыстан,

- Құдай бар ма! Жан бар ма?-

Деп, ақылмен жарысқан.

Ахирет, Құдай, жан сырын,

Тексере келіп әрбірін,

Шеше алмай анық тағдырын,

Әр түрлі айтып қарысқан,

Оны да сынға салғамын,

Керектісін алғамын,

Қалдырып қате, жалғанын,

Шатақ ойлап шабысқан,

Жан сыры деп жазылған,

Психология деген пән,

Орайсыз ойлап адасқан,

Оған да едім танысқан,

Тәпсіршіл, діншіл сопының

кітабын да оқыдым,

Тазартып талай қоқымын,

Түзеттім дінді шалыстан.

Отыз жылдай жиғаным,

Сау ақыл менің иманым,

Аламын соған сыйғанын,

Мейлің күл, мейлің намыстан,

деп, осы айтқан сыншыл ой-пікірімен ғана шек-теліп қал майды. Одан әрі жаратылыс дүниесінің пайда болу себеп салдарына да ой жүгірте келіп:

Жаралыс басы - қозғалыс,

Қозғауға керек қолғабыс,

Сол мәнменен бол таныс,-

Жан беріп жарық жылы нұрдан,

Күн - атам жерді буаз қылған.

Өсімдік туған осыдан.

Жетіліп, өсіп толғанда дән,

 

Құр болған дәнде неше мың сан.

Жаралып шықтық біз сонан.

Ұсақ құрт дәннен жарып шыққан,

Жасаған құрттар әр түрлі тән.

Құс, балық, шаян, көп айуан,

Айуаннан өсіп болдық адам,

Кейіміз есті, кейіміз надан.

Жанымыз - куннен келген нұрдан,

Тәніміз - топырақ пен судан,

Күн - атам, анық жер - анам,-

деп қорытады. Шәкәрімнің философиялық ой жүйесінен материалистік бағыт-бағдар байқалады деп білеміз. Бұл мәселені терең зерттеп, ғылыми талдау жасау, әділ сын айту философ ғалымдарымызға тиісті. Оны Шәкәрімнің өзі де өсиет етіп айтыпты:

Кім айтса да, сынамай қойма, жаным,

Ақылыңа сынатып, ойла, жаным,

Пәленше екем айтқан сөз дұрыс қой деп,

Жүректің таразысын жойма, жаным,-

деген және: «Көп білім жоқ бойымда, шын мақтан жоқ ойымда, кеш сезімнің кемдігін»,- деп қате айтқаны болса, оған кешірім сұрайды.

«Көп білімім жоқ» дегені, білген білім көлеміне көңілі толмай, қанағаттанбай, місе тұтпаудан барып айтқаны болар деп ойлаймыз. Әйтпесе ол кісінің өз бетімен ізденіп, қолы жеткен білімі аз болмаған. Әдебиет, өнер жағын былай қойғанда, дүние жүзіне аты әйгілі философтардың біразын оқып, білгені анық байқалады. Мысалы, XIX ғасыр- дың екінші жартысында пессимистік философиясы бүкіл Европаға кең тарап, етек алған, неміс философы Шопен гауэрді (1788 - 1860) Шәкәрімнің оқығанын көреміз. Оқып қана қоймаған, оның пессимистік философиясын сынап, өзінің батыл ой-пікірін айтқан.

- Шопенгауэрдің дүние дозақ, дүниеде тыныш өмір сүруге болмайды дегені дұрыс емес,- дей келіп:- Дүние дозақ емес, бейіс, бейісті дозақ етіп отырған - адам баласының, үстем таптың зорлығы, өзімшілдік күш-қаруы, қасқырлығы. Егер адам бір-біріне зорлық-зұмбылық, қиянат жасамай, барлық адам бір бауырдай болып, өнер білімімен, таза еңбекпен табиғаттың байлығынан пайдаланып отырса, дүние бейіс болуында сөз жоқ. Мұны сезбей, Шопенгауер адасқан, - дейді. Шәкәрім философиясы - өз алдына арнайы зерттелетін мәселе. Енді ақынның өмірбаянына қайта оралайық.

Сыр айтайын мен сізге,

Өр түрлі жай бар басымда,

Ііліммен кеттім елсізге,

Елуден асқам жасымда.

Қора салған жеріме,

Кіргендей боп көріме,

Өкпеледім еліме,

Отырман деп қасында

Аңшылык ескі салтым деп,

Көрермін ақыр артын деп,

Партия кылдың халкым деп,

Кәріңіз бен жасың да.

Қауымнан катты қағылып,

Оңаша өмір сағынып,

Жасымда біткен тағылык,

Осы екен ғой асылда.

Ойға оңаша жер керек,

Ойыңды ұғар ел керек,

Партия куған ебелек,

Ел өзіңе масыл ма.

Сөйтіп, Шәкәрім 1909 - 1910 жылдар ел ортасын тастап, оңаша елсізге кетіп, оқу, ойлау, жазумен болған. Жеті жасынан өлең жаза бастаған ақынның өмірбойы қаламы қолынан түспеген.

Тыныштық жоқ, тыным жоқ,

Ойсыз менің күнім жоқ,

Қайғырамын қан жұтып,

Көзімді ілер түнім жоқ,

Ойлаумен күнді батырам,

Жазумен таңды атырам,

Тесіле қарап кітапка,

Сілемді сүйтіп қатырам,-

дейді.

Ақынның барлық жазғандарын бұл арада атап айтып жеткізу мүмкін емес. Жазғандары өте көп болған. Шәкәрім бір әңгімесінде: «Отыз жас шамасында бір айдай тілім байланып, сөйлей алмай қалдым: Осы кезде жеті жастан бастап жазған өлеңдерімді өртеп жібердім. Артынан Абай ұрысты, өзім де өкіндім»,- дейді екен. Және бір сөзінде: «Абай қазақ шежіресін жаз деп, 19 жасымнан қазақ шежіресін жинай бастадым. Абайдың ұқтыруы және сол кісінің ел-елге кісі жіберіп, хат жазып жинатқан мәліметтері де шежіреде бар»,- дейді.

 

Сөйтіп, 19 жасынан бастап, қазақ шежіресін жазу жұмысына кірісіп, Абайдың көзі тірісінде аяқтаған. Бұл еңбегі 1911 жылы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан.

 

Тұңғыш қазақ шежіресін жазу жұмысымен ұзақ уақыт шұғылданып, көп еңбек еткен. Оны шежіре кітабындағы алғы сөзінен көреміз: «Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы естіген, білге німді жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіре кі таптарын оқыдым. Оқыған кітаптарымның мұсылманшасы: «Табари тарих ғұмуми», «Тарих ғұсмани», Нәжип Ғасымбектің түрік тарихы, Абулғазы Баһадүр ханның жазған шежіре түрік және әр түрлі кітаптардан алынған сөздер. Орысша кітаптардан оқығаным - Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түрік нәсілі туралы, дүниедегі әр түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірген сөздері, оның ішін де түріктің ең ескі замандағы шежіре кітаптары «Құтадқу білік»... деген кітаптарының сөзі және қытайдың Юан-ми- ши деген жазушысының сөзі және араб, фарсы, рум, Европа жазушыларының сөзі»,- дейді (3-бет). Профессор Березиннің, Левшиннің еңбектерімен де таныстығын көреміз (50, 55-беттер).

 

Шәкәрімнің 1878 жылдан бастап 1904 жылға дейін жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» (бірінші бөлім) деген атпен 1912 жылы жеке кітап болып, Семейде басылып шыққан.

1888 жылы «Қалқаман - Мамыр» поэмасын, 1891 жылы «Еңлік-Кебек» поэмасын жазады. Бұл поэмалары 1912 жылы жеке-жеке кітап болып, Семейде басылып шыққан.

«Ләйлі-Мәжнүн» (Фзулидан) поэмасын 1907 жылы жазған. «Дубровский әңгімесі» (Пушкиннен) 1908 жылы жазылған, Хафиз ақынның өлеңдерін аударған, 1904 жылы «Дума» деген поэма жазған. Мысал өлеңдер, жұмбақ өлең- цер, нақыл сөздер, «Жайлаудың басымен айтысы», «Қодардың өлімі» атты поэма, «Ұждан», «Қолшатыр бұйрығы» әңгімелерін, «Үш анық», «Жан мен тіршілік туралы», «Адам баласының шын бақытты өмірі туралы әңгіме» тағы басқа шығармаларын жазады.

 

Абай өмірбайнын, «Қазақ лұғаты» деген еңбегін жазумен шұғылданады.

 

Американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриеттің (1811-1896) Америкадағы құл иемдену озбырлығы туралы жаз- «Хижина дяди Тома» («Том ағайдың балағаны») романын Лев Толстойдың қысқа әңгімелерін қазақ тіліне аударды...

 

Дүниежүзіне аты әйгілі ұлы ақын, жазушылардың көбінің шығармаларымен жақын таныс болып, көп үлгі-өнеге алған Шәкәрім олардың есімдерін зор құрметпен атап, елге әйгілеп отырады:

 

Айтқан сөзі ауруға - ем, жанға - құмар,

Тауып айтқыш тәтті, тіл сайраушылар -

Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов,

Қожа Хафиз, Науаи, Фзули бар,-дейді.

 

Әсіресе, орыстың ұлы ақын жазушыларын ерекше атап, қазақ халқын, «өнерлі, білімді елден» - орыс халқынан тағлым алуға шақырады.

 

Орыстың жақсыларын білмес қазақ,

Болып жүр сондығынан көпке мазақ,

Өнерлі, білімді елден таглым алмай,

Қуларға еріп, момындар тартар азап.

 

Үйренсе, білім менен сан өнерін,

Білер еді-ау өнердің не берерін,

Таныса, ақын, ойшыл адамдарын,

Табар еді-ау адамдық ар көмегін.

Білсе егер, Салтыков пен Толстойын,

Сезсе олардың айтылған терең ойын.

Гоголь мен Пушкиндерден ғибрат алып,

Қазақтың бөлер еді-ау нұрға бойын.

Лермонтов, Некрасовтай ақындарын,

Өнеге етсе, олардың мақұлдарын.

Өзімшіл, надандықтан көзі ашылып,

Аңғарар адал жолға жақындарын.

Сұрқия, залымдардың алма тілін,

Беті тұнық, асты ылай, ол бір жылым.

Өнерсің өнеге алсаң үлгілі елден,

Адамшылық, өнермен берер білім.

Алаяқ сұмдарға ерсең, болмас жолың,

Қазағым-ау, қаңғырып қайнар сорың,

Өнер-білім үйренсең, еңбек етіп,

Мазақ болмай, елдікке жетер қолың,-

деп, қамқор ақын туған халқына жөн сілтеп, жар салады.

 

Шәкәрім Лев Толстойды нағыз әділеттің, анық ардың иесі деп танып, оның данышпандығын, ұлы адамгершілік қасиетін, адал жүрек, ақ көңілімен ардақтап, өзін Толстой дың шәкіртімін деп білген. Абай өлгеннен кейін, Толстойды ұстаз тұтып, одан ақыл сұрап хат жазған. Толстойға хат жазып, одан хатына жауап алғаны туралы Шәкәрім былай деген:

-                 Толстойдан үш сұрақ сұрадым: Толстой сұрақтарыма өте қымбатты жауап қайырды. Әсіресе, сол жауаптары мені толғандырып, ғибрат алатын сабақ болып, көңілімде орнап қалды. Бірінші сұрағым: Адамның арына тиетін, өзім білетін жағымсыз қылықтардың бәрін тізіп жаздым да, осылардың ішінде және Сіз білетін, арға ең ауыр тиетін не?- дедім, Толстой бұған:

-                 Осы тізіп жазғаныңыздың бәрі де адамшылық арға тиетін нәрселер. Менше, арға ең ауыр тиетін іс бар. Ол - егер адам, көпшілікке, не жалпы қоғамға зиян келтіретін істі хақиқат біліп, соны үш нәрседен қорғанып, сол хақиқатты айтпай қалса, сол арға өте ауыр тиеді. Бірінші, сен өте бай болып, сол хақиқатты айтса, малыңа, байлығыңа зиян тиетін болса, екінші, сен мансап иесі болып, сол хақиқатты айтсаң, мансабыңнан айрылатын болсаң, үшінші сол хақиқатты айтсаң, басың жазаға тартылатын болса. Міне, осы үш түрлі зардаптан қорғанып, кепке зиян келетін хақиқатты біле тұра айтпай қалсаң, арға ең ауыр тиетіні осы,- деп жауап берді.

Екінші сұрағым:

-                 Ірі шығармалар жазуға бет алдым. Бұған қандай кеңес -бересіз?- деп көлемді шығарма жазу жайында ақыл сұрадым. Л.Толстой бұған:

-                 Көп адамдар қатысқан шығарма болсын, не ұсақ әңгіме болсын, алдымен сол әңгіменің уақиғасына, іс-әреке- тіне жазушы өзі араласқандай жетік болуға керек. Сол уақиғаның ізі, сыры қоғамға байланысты әрекетіне жазушы өзі араласқандай жетік болуға керек. Сол уақиғаның жайы жазушыға айнадай айқындалып, сезіліп тұрғандай болуы керек. Олай болмаған күнде, әңгіме дәл, қызықты болып шықпайды. «Көлеңкеге пішкен тон бойға шақ келмейді» деген мақалды жазушы ойдан шығармауға керек. Ішіне араласпай сырттай ой жотамен жазған шығарма шындыққа жанаспайды, қызықты болып шықпайды,- деп жауап жазды.

-                 Үшінші сұрағым: Жазушы, оның ішінде мен, өз жазғанымның дұрыс, терісін сынай алмаймын. Өз шығармасының қатесін қандай әдіспен көріп, сынап, түзетуге болады?

Үшінші сұрағыма Толстой:

Жазушының артық қасиеті - өз қатесін көріп, соны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді. «Біреудің қатесін біреу көреді» деген бар. Бәрінен де адам өз қатесін өзі  түзегені артық. Өз қатесін өзі түзей алатын қасиет адамның өз бойында бар. Ол - адамға біткен ақ жүрек. Егер адам өзі істеген ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің нәзік сезімі ашып бере алады. Ақыл тол- іпуынан откен қорытындыны жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек ымбалына беріліп дағдыланған адам өз мінін де, біреудің мінін де көре алады. Сондықтан әділ сыншың - «ақ жүрегің,- деп жауап берді. Осындай ақыл, кеңес берген  Толстойды мен ұстазым деп бағалап, ардақтаймын,- дейді ІІІәкәрім. Сондықтан, Толстойға арнаған өлеңінде:

Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,

Алдампаз, арам сопы, кәпір қойдың,

Жанымен сүйді әділет, ардың жолын,

Сондықтан ол иесі терең ойдың,

Толстой кәпір емес, кәпір өзің,

Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.

Көңілің соқыр надансың, бейілің қара,

Нұр жарығын қалайша көрсін көзің.

Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа,

Сопының бара қойман құрбанына.

Хақиқат сырымды айтсам,

Толстойдың алмаймын мың сопыны тырнағына.

 

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,

Жолай көрме, жылмайы сопы көрсең,

Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың,

Алданбайсың артынан ере берсең.

Жазушылық қызметінде Абай мен Толстойдың дәстүрін берік ұстаған Шәкәрім ешкімнің де беті-жүзіне қарамай, шындықты жазумен, анық ақиқатты ашық айтудан тайсалмаған, мал-басыма зардабы тиер деп, қобалжымаған да қорықпаған. Ақынның бұл қасиеті ақынның бұлқасиетін шығармаларынан айнытпай танимыз.

 

Шәкәрім, Толстой айтқандай, «өзі істеген ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білген» адам. Ертеде жазған, жариялаған еңбектерін қайта қарап, қатесі болса мойындап, кемшілігін түзетуге батыл барған.

Өзі жазған еңбектерінің ішінде екеуін нашар депмойындаған. Оның бірі -«Мұсылмандық» деген кітабы:

-                 Мұны надан, білімнен хабарым жоқ кезімде, басқа жұртта «Ғибадат исламия» деген кітап бар, ол араб, не түрік тілінде жазылған, қазақ тілінде жоқ деп, соларға еліктеп жаздым. Оны мансұқ еттім,- деген.  Екінші - «Түрік хандар шежіресі» деп, өлеңмен түрік қауымында болған хандарды жаздым. Мұнда еліктегенім, жасымда шежіре жазбақ болып, бірнеше елдердің шежірелерін оқы- ғанда, «Отечественная история» деп, патша, хандарды жаз- ғандарды көріп, түрік қауымынан шыққан хандардың жақсысын да, жаманын да мақтап жібергенім бар. Осы да ғылыми көзқараспен айтылмаған. Бұлардың ішінде елге еңбек сіңіргендерін іріктеп алу керек еді,- деген.

 

Ал поэмалары туралы:

-                 Жазған поэмаларымда «Нартайлақ - Айсұлу» поэмасының поэзиялық жағы «Дубровский», «Ләйлі - Мәжнүн» поэмаларынан төмен. Оның негізгі себебі өте асығыс жазылуынан болса керек. Бірақ оның уақиғасы, егер пьесаға аударылса, қызықты болар еді,- деген.

 

Шәкәрім өмірінің ақырына дейін, өзі жазған шығармаларын қайта қарап, қатесін өзі тауып мойындап, кемшілігін толықтырып түзеумен болган. Мысалы, өлер алдындағы жазған бір хатында: «...Шежіренің бір жыртылып қалғаны табылып, бұрынғы басылғандарында қате һәм қосылмаған сөздер бар болғандықтан, көшіріп, түзеп жатырмын»,- дейді. Ақын өзінің бір өлеңінде:

  

Дұрыс деме, құр ойлап,

Ақылға сынат, сабыр қыл,

Жығылмайтын дәлел тап,

Бірезу болма өзімшіл,

Мініңді тапса, кім сынап,

Аяғына, бар, жығыл,

Қап, бәлем деп, кекті ұнап,

Сақтай көрме ойға зіл,

Тікенің болса бойыңда,

Ауырса да өзің жұл,-

депті.

 

Ақын ертеректе жазған, қолжазба қалпында халыққа тарап кеткен шығармаларын жинақтап, баспаға әзірледі. 1907 жылы жазған «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасының қолжазбасын 1921 жылы Мұхтар Әуезовке тапсырады. Поэма сол жылы «Шолпан» журналында (Ташкент) басылып шықты. 1908 жылы Пушкиннен аударған «Дубровский әңгімесі» атты поэмасын Семейдің губерниялық қазақ баспа жұмыстарын қарайтын комиссия 1924 жылы бастырып шығарды.

Шәкәрім баспасөз жұмысына да ат салысып, жазып тұрған. Мысалы, «Қазақ тілі» (Семей) газетінде 1924 жылы, әдебиет сыны туралы жазған екі мақаласы жарияланыпты. Ол мақалалары: «Сын һәм сынауды сынау», «Қазақ тілі» газетінің басқармасына өтініш» деп аталған Бұл мақалалары қазір де маңызын жойған жоқ.

Ақын жаңа өмірде туа бастаған жаңалықтарды қуаныш- пен қарсы алады. 1925 жылы Семейде «Таң» журналы шыға бастағанда, өз әнімен қоса екі өлең шығарып, қуанышын білдіреді. Бір өлеңі былай басталады:

 

Кейіме, кәрі жан, өмірің тозғанға,

Оянып ұйқыдан, әнге сал, қозғал да.

Жаңа тілек, жарық таң атты, міне,

Байғазы қада сен мынау жас журналға...

«Таң» журналында ертедегі шешендердің сөздерін жа- риялайды. Мысалы, «Қазыбек би сөзі», «Ескі билік» (Мө- шеке би мен Бекболат), «Қараменде мен Кеңгірбай»- «Шәкәрім ақсақалдың айтуынша» деп, журналдың үшінші санында жарияланған.

Көптеген өлең, әңгімелер, өзі әнін шығарып, пьеса жазады. Ақан сері туралы шығарма және «Шыныбақ» атты поэма жазады. Орыс, шығыс ақындарының шығармаларын аудару жұмысымен шұғылданады. Әзірге бізге мәлім емес еңбектері де көп.

Шәкәрімнің музыка саласындағы еңбегі өз алдына бір төбе. Ол жиырмадан астам ән шыгарған. Музыка өнері туралы бірнеше өлең жазған. Бір өлеңі былай аяқталады.

Гомер ән сиқырын аңғартқан сиреннен,

Қиялдаған оймен тереңнен,

Ол әннің жайын айтьш берумен,

Күткен сондай әнді өреннен.

Шығардым әндер жаңалап,

Саларсың сынға саралап,

¥наса, ойладым, әншілер салсын деп,

Белгі болып бір мұра кейінге

Әнімнен де қалсын деп. (Арнаулы әні бар).

Ақынның сан салалы мол еңбегін біз бұл салада айтып жеткізе алмаймыз.

Өзі еңбек сүйгіш ақын, адал еңбек адамын шығарма- ларында мадақтаған, мақтаған. Арамтамақ бай-жуандарды, екі жүзді, арсыз атқамінер қуларды, рухани қанаушы - қожа-молдаларды өткір тілмен түйреп, әшкерелеген. Сондықтан олар ақынға іштерінен қас болған, көре алмаған, сыртынан өсек-аяң жүргізген, молдалар оны «кәпір» деген. Ақынның өзі «Найзаны тура саламын, аямай мінін аламын. Ащы тілмен у тегіс - бәрін қылған маган қас»,- дейді.

Шәкәрімді бұқара халық ерекше құрметтеп, адамгер- шілігі зор, адал жүрек ақынын ардақтаған.

* * *

1931-»-жылдан бастап ақынның ақыргы, бір жылға таяу өмір кезеңі аса бір ауыр халде өтті. Асыра сілтеудің салда- рынан ақын ел ортасынан аулаққа кетуге мәжбүр болды. Бұл кездегі жағдай туралы «Қазақстан Коммунистік пар тиясы тарихының очеркі» кітабында ашық жазылған.

«1931 жылдың екінші жартысынан бастап, мал өсіре тін шаруашылықтарды коллективтендіруде тағы да елеулі асыра сілтеушіліктер болды».

«Коллективтендіру жөніндегі асыра сілтеушіліктер партия құрылысында лениндік принциптің өрескел бұзылуымен ұласты». («Қазақстан Коммунистік партиясы тари- хының очеркі», 1963 ж., 342, 343-бет).

 

 

Асыра сілтеу әсіресе, Шәкәрімнің елінде - Шыңғыс- тауда асқындаңқырап кеткен еді. Сондай қиыншылық жағдайда ел ортасынан аулаққа кеткенде, қарт ақын басқа бөтен оймен, кеудесіне кек сақтап кеткен жоқ. Оңашаға кетудегі мақсатын Шәкәрім ашық айтады: 4

Мен кеттім, сендер елде қойдың калып,

Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып.

Елу бес жыл жинаған қазынамды,

Оңашада қорытам ойға салып,-

дейді.

Ол елсіздегі қорада жалғыз жатады. Бар шаруасын өзі істейді. Қасында ешкім болмайды. «Жұмысты әлім келген біреуге артып, құлданбақ азаттарды жөн демеймін»,- дейді. Әрбір күн басынан кешкен өмірін, күнделік ретінде өлеңмен жазып отырады. Ақынның басынан кешкен бір ғана уақиғаны келтірейік:

...Қалса да халқьім білмей өлгенімді,

Тағдырға байқадың ба көнгенімді.

Кез келген кезіп жүріп өз басыма,

Айтайын бір азғана көргенімді,-

дей келіп: «Ылғи жалғыз жаттым, ит жүгіртіп, бүркіт салып жүргенім жоқ. Аулақта жатып, ойга келген өлеңімді жазам, еріксем, елге барып қайтам, кетерде есігіме құлып салып кетем, қайтарда отын алып келем»,- дейді. Бір күні қайтып келсе, өзі жоқта белгісіз екі адам есігін ашып кіріп, тамағын жеп кеткенін көреді. Келіп жүрген аңшылар ма екен, кімдер екен деп, білгісі келеді:

Жүр едім сол екеудің ізін шалып,

ГПУ-дің солдаттары келіп қалып:

- Қашқынмен хабарласып жүрсің ғой, деп.

Әкетті Бақанасқа ұстап алып,

Мені олар Бақанасқа алып барды,

Жайымды айтып бастыққа хабар салды,-

дейді. Бастық ертеңінде Шәкәрімнен жауап алады, IIIәкә рімнен жауап алған кісі, қаладан келген ГПУ қызметкері, ақ пен қараны ажырата алатын, адамды тани білетін, шын мен жалғанды айыра білетін байыпты адам болған. Шәкәрім оған өзінің кім екенін жеріне жеткізе айтқан. Ол 73 жастағы қазақтың ақ жүрек ақсақалын, атақты ақынын таныған, ұққан. Жамандыққа баспайтын, зиянсыз адам екеніне абден көзі жеткен соң, Шәкәрімді тұтқыннан босатқан.

 

Қайтер ем сонда мені қойса жауып,

Құтылғам жоқ жалғанмен, айла тауып,

Шынды айттым, шынға сенді, шын

сүйенішім,

Аққа бәле жұғар деп қылман қауіп,-

дейді ақын.

Ал жергілікті ГПУ бастығы шаш ал десе, бас алатын, таяз ақыл, тасырдың нақ өзі болады. Ол Шәкәрімді: бай, жуан, қажы яғни жау деп қана білген. Және Шәкәрімнің елден аулақта жападан жалғыз жүруі аудандық ГПУ-дағы- лардың күдігін күшейте түскен. Оның үстіне, 1931 жылы колхоз құрылысының жаулары: «Асыра сілтеушілікті ас- қындыра түсуге итермеледі, партия мен Совет өкіметінің саясатына қазақ шаруаларының наразылығын туғызу үшін зиянкестік әрекеттер жасады». («Қазақстан Коммунистік партиясы тарихының очеркі...» 1963 ж., 343-бет).

Осындай зиянкестік әрекеттер Шыңғыстау ауданында да болғаны анық. Аудандық ГПУ бастығы жаулық әрекеттің бәрінің басшысы - Шәкәрім деп білген. Сол кезде Шыңғыстауда «банды» дейтін пайда, болыпты. Аудандық ГПУ бастығы қасында адамдары бар, қашқын «бандылар- ды» қууға шығады. Оларға ауданға бет алып келе жатқан Шәкәрім кездеседі. Көре сала, сөзге келместен Шәкәрімді атып салады. Оқ тиіп, жараланып жатқан Шәкәрім: «Мені ауданға апарыңдар...» дегенше болмай, екінші біреуі тағы атады. Ақын өледі. Бұл сұмдық уақиға 1931 жылы 2 октябрь күні болған. Сөйтіп, Шәкәрім ақын 73 жасында жазықсыз оққа ұшқан

Шәкәрімнің өмірі мен тағдыры жайындағы шындық осы.

Ақынның бүкіл шығармаларының ішінде, не ұлтшылдық сарында, не революцияға қарсы, не Совет өкіметіне қарсы жазылған бірде-бір ауыз өлең, не бір ауыз сөз жоқ.

1957-58 жылдар Шәкәрімнің жазықсыз өлімі турады мәселе қозғалған. Ол мәселені СССР прокуратурасы қарап, Шәкәрімнің қылмысы жоқ деп тауып, 1958 жылы 2 октябрьде шешім шығарған.

  

Шәкәрім туралы осы шындықтың бәрін партиямыздың XXVII съезіне дейін ашық айта алмай келдік.

* * *

Бірақ Шәкәрім өлгеннен кейін де, ол туралы ешкім ауыз ашпай қалған жоқ. Мұхтар Әуезов Шәкәрімді Абайдың нағыз шәкірті деп атап келді (Абай, Толық жинақ., 1933, журнал «Әдебиет майданы» 1934. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. 1967). Шәкәрімнің «Ләйлі- Мәжнүн» поэмасын 1934 жылы Сәкен Сейфуллин бастырып шығарды. 1935 жылы «Дубровский» әңгімесі басылып шықты. Сонан кейін көп уақыт үзілістен соң, 1959 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің 2-санында ақынның сегіз өлеңі басылып шықты. 1978 жылы «Поэты Казахстана» атты кітапта Шәкәрімнің 14 өлеңі орыс тілінде шықты және А. Мағауинның ақын өмірі мен творчествосы туралы ма- қаласы жарияланды.

Шәкәрім Құдайбердіүлы қазақ әдебиеті тарихында өзінің орнын алуы керек, шығармалар жиынтығы шығарылуы керек. Ақынның ғылыми өмірбаяны мен мұрасы жан-жақты терең зерттеліп жазылуы керек.

Бұл жұмыстармен әдебиетші, тілші, тарихшы, философ галымдарымыз шұғылданады деп сенеміз.

Соңғы жаңалықтар