Референдум-2026: Астанада сайлау учаскесін қалай анықтауға болады
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Астана тұрғындары сайлау учаскелері туралы ақпаратты бірнеше жолмен біле алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының тұрғындары өздерінің референдум учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше дереккөз арқылы ала алады:
• Ресми веб-сервис арқылы: https://referendum.astana.kz/
• Telegram мессенджеріндегі чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
• iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы: 109 нөмірі бойынша.
Бұдан бұрын Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдағанын жазғанбыз.
Сонымен қатар, референдумға жұмсалатын қаржының нақты сомасы белгілі болды.
Бұдан бөлек, Орталық референдум комиссиясы 21 шетелдік байқаушыны аккредиттегені айтылды.