15:06, 15 Наурыз 2026 | GMT +5
Референдум -2026: шет елдегі 3 мыңнан астам адам дауыс берді
АСТАНА. KAZINFORM – Әлемнің референдум учаскелері белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Сағат 14:00-ге дейін шет елдерде Қазақстанның 66 референдум учаскесі ашылып, оларға келіп 248 адам дауыс берді.
Түркияның жан-жағынан білім алып жатқан қазақ жастары референдумға белсенді қатысып жатыр.
Елшілікте дауыс беріп жатқан жастар еліне деген сағынышын ән-күймен жеткізіп, ерекше көңіл-күй сыйлап жатыр.
Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары екенін жазған едік.
Айта кетелік әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр.