Референдум-2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

АСТАНА. KAZINFORM –  Әлемнің референдум учаскелері белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Референдум-2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары
Фото: СІМ

Қазақстандықтар Еуропа елдерінде, оның ішінде Болгария, Грекия, Латвия, Литва, Румыния, Финляндия, Эстония, Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Нидерланд, Норвегия, Польша, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия, Молдова, Швейцария, Швеция, Ұлыбритания және Португалияда референдум учаскелерінде дауыс беруді жалғастырып жатыр.

референдум
Фото: СІМ
референдум
Фото: СІМ
референдум
Фото: СІМ

Сонымен қатар Кипр Республикасы аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының референдумға қатысуын ұйымдастыру мақсатында Қазақстанның елшілігі жанынан Қазақстан Республикасы референдумының №511 учаскесі тарихта алғаш рет ашылды.

референдум
Фото: СІМ
референдум
Фото: СІМ
референдум
Фото: СІМ

Парижде орналасқан №410 референдум учаскесі жергілікті уақытпен таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Франция аумағындағы жалғыз учаскесі Қазақстан республикасының Консулдығында, Елисей алаңының қасында орналасқан.

референдум
Фото: СІМ
референдум
Фото: СІМ
референдум
Фото: СІМ
референдум
Фото: СІМ

Референдумда алғашқы болып дауыс беруге осында білім алып жүрген магистранттар келді. Жалпы 200-ден астам адам тіркелген. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін, яғни Астана уақытымен түнгі 00:00-ге дейін жалғасады.

референдум
Фото: СІМ

Мәскеудегі учаскеде белсенділігі жоғары.

Мәскеудегі учаскеде белсенділігі жоғары
Фото: СІМ
Мәскеудегі учаскеде белсенділігі жоғары
Фото: СІМ
Мәскеудегі учаскеде белсенділігі жоғары.
Фото: СІМ
Мәскеудегі учаскеде белсенділігі жоғары.
Фото: СІМ

Айта кетелік әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр

Соңғы жаңалықтар