Референдум: 6 млн 470 мыңнан астам адам дауыс берді
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде өтіп жатқан референдум барысында дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 51,93 пайызы таңдау жасады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов мәлім етті.
Оның дерегінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі:
1. Абай облысы бойынша — 61,04%.
2. Ақмола облысы бойынша — 60,05%.
3. Ақтөбе облысы бойынша — 61,37%.
4. Алматы облысы бойынша — 56,13%.
5. Атырау облысы бойынша — 56,54%.
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 49,97%.
7. Жамбыл облысы бойынша — 51,13%.
8. Жетісу облысы бойынша — 59,82%.
9. Қарағанды облысы бойынша — 57,32%
10. Қостанай облысы бойынша — 56,51%.
11. Қызылорда облысы бойынша — 64,63%.
12. Маңғыстау облысы бойынша — 53,14%
13. Павлодар облысы бойынша — 53,31.
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 52,37%.
15. Түркістан облысы бойынша — 58,03%.
16. Ұлытау облысы бойынша — 52,06%.
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 59,60%.
18. Астана қаласы бойынша — 40,68%.
19. Алматы қаласы бойынша — 21,68%.
20. Шымкент қаласы бойынша — 58,24%.
— Жалпы, сағат 14-00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93 пайызын құрады. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады, — деді Шавкат Өтемісов.
Айта кетейік, сағат 12-00-дегі мәліметтерге сәйкес, бұған дейін 4 677 595 азамат дауыс берген еді.
Орталық референдум комиссияның мәліметінше, елімізде 12 461 796 дауыс беруші тіркелген. Заң бойынша, осы саннан 1% артық бюллетень әзірленеді. Демек, 12 586 414 бюллетень болмақ. Алайда жыртып не бүлдіріп алса, азаматтарға жаңа бюллетень берілмейді.
Егер азамат ешқайда тіркелмеген болса, мұның да шешімі қарастырылған. Ел бойынша 220 учаскеге 1 тәулікке тіркелуге болады. Мұндай жағдайда азамат тізімге енгізіліп, дауыс беру үшін оған бюллетень ұсынылады.
— Бүгін біз еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық. Әр азаматтың дауысы маңызды, пікірі құнды деп санаймыз. Баршаңызды дауыс беруге шақырамыз, — деді көкпаршы Мәди Сейдуллаев.
Айта кетейік, аталған учаскеде тұрғындар референдумға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіріп жатыр.
Бұдан бұрын Түркістан облысында 37 мыңнан астам жас алғаш рет дауыс беретінін жазған едік.