Референдум: Алматы әкімі дауыс берді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Ерболат Досаев АЭС құрылысы бойынша референдумда өз таңдауын жасады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге № 48 мектеп-лицейінде орналасқан № 388 референдум учаскесіне Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда дауыс берді.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс береді.
Айта кетейік, Алматыда жалпы халықтық референдумда дауыс беру 624 учаскеде жүріп жатыр. Оның 549-ы азаматтарды тұрақты тіркеу орындары бойынша болса, ал 75-і — ауруханалар, санаторийлер және әскери бөлімдер сияқты уақытша орналасқан орындар.
Сондай-ақ, 172 учаскеде тіркеуді тексеру сервистері орнатылады. Олар дауыс берушілер өзін тізімінен таппаған жағдайда қолданылады.
Мегаполисте 1,2 млн астам адам дауыс беруге құқылы.