Референдум күні Атырауда 33 нәресте өмірге келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық перзентханасында 33 нәресте өмірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың айтуынша, бүгін, 5 маусым – референдум күнінде жарық дүниеге есігін 33 сәби келді. Оның ішінде 15 ұл, 18 қыз бар.

«Бүгін облыстық перинаталдық орталықта 33 сәби дүние есігін ашты. Жаңа туған шақалақтың 15-і ұл, 18-і қыз. Сәбилер мен жаңа босанған аналар өздерін жақсы сезінеді. Қазір 2 ана босандыру залында», -деді Қайсар Абдалиев.

Бүгін Атырау қалалық перзентханасында жергілікті уақытпен сағат 7:00-ге дейін 5 сәби дүниеге келген еді. Жас босанған Гаухар Бұзаубекова үшінші сәбиін 9 жылдан соң босанған. Ал, Кәмшат Қайратова осы перзантханада тұңғышын босанған.

«Мен бүгін дәрігерлердің көмегімен тұңғышымды дүниеге әкелдім. Дәл бүгін, елімізде отандастарым тарихи таңдауын жасайтын ең елеулі күні өмірге келген тұңғышымның болашағы жарқын боларына сенемін», -дейді Кәмшат Қайратова.

Жас босанған ананың екеуі де перзентханадағы референдум учаскесінде алғашқылардың қатарында дауыс берді. Референдум комиссиясы Гаухар Бұзаубековаға сәби күтіміне арналған жиынтықты сыйға тартты.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау перзентханасында жас босанған аналар дауыс бергенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар