Референдум науқаны: Қонаевта аспанға әуе шары көтерілді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаевтың орталық алаңында жеке компания өкілдері халықты 6 қазан күні өтетін референдумға шақыру мақсатында әуе шарын көтерді. 

Референдум науқаны: Қонаевта аспанға әуе шары көтерілді
Фото: Қонаев әкімдігі

«Шар кешкі сағат 20:00-ге дейін орталық алаңда болады. Қызығушылар болса, 2 000 - 5 000 теңге көлемінде ақы төлеп, аспанға көтерілуіне мүмкіндік қарастырылған», - деп атап өтті әкімдіктен. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында референдумға дайындық қалай жүріп жатқанын жазған едік. 

Өңірде 643 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру күні облыстың 477 учаскесінде онлайн-сервистер арқылы сайлаушылардың тіркеуін тексеру мүмкіндігі ұсынылады. Уақытша тіркеу қажет азаматтар үшін арнайы 5 учаске (Қонаев қаласында – 2, Қаскелең, Талғар және Есік қалаларында бір-бірден) болады. Бұл учаскелерде азаматтар ХҚКО арқылы уақытша тіркеліп, өз дауысын бере алады.