Референдум:Еуразиялық интеграция институты Exit poll нәтижесін жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – Еуразиялық интеграция институты республикалық референдумда еліміздің барлық өңірінде дауыс берген азаматтар арасында сауалнама жүргізді.

Дауыс берушілерге «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген бір ғана сұрақ қойылды.
Exit poll таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін жүргізілді. Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның ішінде 159 – қалаларда, 91 – ауылдық жерлерде орналасқан. Арнайы даярланған респонденттермен face-to-face әдісі арқылы 30 546 азамат сұралды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.
Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 71,8%-ы «Иә, келісемін» деп жауап берген, қалған 28,2%%-ы «Жоқ, келіспеймін» жауабын таңдаған.
Айта кетейік, бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады.
6 қазанда өткен жалпыұлттық референдумда 63,87% сайлаушы дауыс берді.