Референдумға қатысудан Қызылорда облысы көш бастап тұр

Бүгін елімізде өтіп жатқан Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға қызылордалықтар белсенді қатысып жатыр.
Астана уақытымен 16.00-ге дейін мәлімет бойынша Сыр жұртшылығының 72,26 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Осы көрсеткішпен Қызылорда елімізде көш бастап тұр.
Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша деректер төмендегіше:
Арал – 80,15 %
Қазалы – 79,44%
Қармақшы -78,82%
Жалағаш -80,09%
Сырдария -80,45%
Шиелі -78,91%
Жаңақорған – 79,62%
Қызылорда – 60,84%
Айта кетейік, аймақта 373 дауыс беру учаскесі бар. Онда 462685 дауыс беруші тіркелген.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 101 жастағы майдангер алғашқы болып дауыс берді.
Ал бүгін 18 жасқа толған қызылордалық дауыс беруге алғаш қатысты.
Сондай-ақ, Қызылордада шекара бекетіндегі әскери мамандар және б үгін шаңырақ көтерген жас жұбайлар дауыс берді.
Сондай-ақ, Қызылордада жергілікті «Қайсар» командасының ойыншылары таңдауын жасады.