Рекордтық аукцион: Испания патшасының 1609 жылғы алтын монетасы $3,5 млн-ға сатылды

АСТАНА.KAZINFORM — 1609 жылы III Филипп патшаның тапсырысы бойынша алғаш шығарылған 100 эскудо номиналды испан алтын монетасы Женевадағы Numismatica Genevensis SA аукцион үйінде 2,8 млн швейцариялық франкқа ($3,5 млн) сатылып, Еуропадағы аукциондарда сатылған ең қымбат монета атанды. Бұл туралы ТАСС агенттігі аукцион үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Испания патшасының 1609 жылғы алтын монетасы $3,5 млн-ға сатылды
Фото: Reutres

Ұйымның деректеріне сенсек, 339 грамм салмақтағы бұл монета XVII ғасырда Испания коронасы шығарған ең үлкен алтын монета болып табылады. Монета күнделікті айналымға арналмаған, ол Испания патшалығының байлығы мен билігін көрсету мақсатында жасалған.

Испания патшасының 1609 жылғы алтын монетасы $3,5 млн-ға сатылды
Фото: Reutres

Аукцион үйінің мәліметі бойынша, монета Сеговия қаласында Американы жаулап алған испандықтар әкелген алтыннан соғылған. Монетада Кастилия мен Леон, Арагон, Португалия, Австрия, Бургундия, Брабант және сол кезде Габсбургтер бақылауындағы басқа да аймақтардың гербтері бейнеленген. III Филипптің тапсырысы бойынша 1614–1620 жылдар аралығында осы номиналды бірнеше монета тағы соғылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Титаникте» қаза тапқан жолаушының сағаты аукционда 2,3 млн долларға сатылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар