Рекордтық IPO өткізген Anthropic компаниясының акциялары арзандап кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Жасанды интеллект технологияларын әзірлейтін америкалық Anthropic компаниясының акциялары сауда барысында 8 пайыздан астам арзандап, бір акцияның құны шамамен 80 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды BILD.

д
Фото: BILD

Бұл көрсеткіш өткен бейсенбіде акцияларды бастапқы орналастыру кезінде белгіленген 83 долларлық бағадан да төмен.

Инвесторлар тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты Anthropic бастапқы жоспарынан 150 млн акция артық орналастырған.

– Компания 107,3 млрд доллар тартып, тарихтағы ең ірі IPO өткізді. Алғашқы сауда-саттық басталғанда акциялардың құны 111,5 долларға жеткенімен, сессия соңында 97,17 долларға дейін төмендеді, – делінген басылым ақпаратында.

Акциялар бағасының құлдырауы инвесторлардың жасанды интеллект саласына салынған ауқымды инвестициялардың өзін-өзі ақтауына қатысты алаңдаушылығы күшейген тұста болып отыр.

Anthropic компаниясының өзі алдағы жылдары есептеу қуаттарына шамамен 900 млрд доллар жұмсауды жоспарлап отыр.

Бизнесінің қарқынды дамуына қарамастан, компания әзірге едәуір шығынға ұшырап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Anthropic компаниясының 2026 жылдың алғашқы алты айындағы таза шығыны 80,7 млрд долларды құрағаны белгілі болған еді. Ал 2025 жылы компания 42 млрд доллар шығынға ұшыраған.