Ренат Кенеев Алатау қаласы әкімінің орынбасары болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Ренат Кенеев жаңадан құрылған Алатау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

ренат кенеев
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Ренат Кенеев 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар: 2006 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді — қаржыгер, 2011 жылы Д. А. Қонаев  университетін — құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Ренат Кенеев банк секторындағы еңбек жолын 2007 жылы бастады.

2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысып, Қазақстан Үкіметінде және Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді. 

Ауылдық округ әкімі қызметін де атқарды.

Сондай-ақ Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, хаттама және сыртқы байланыс бөлімінің бас инспекторы болды.

Бұған дейін Алатау қаласының әкімі қызметіне Аркен Өтенов тағайындалғаны туралы жазған едік. 

Осы жылдың басында Алматыдан солтүстікке қарай 47 шақырым жерде орналасқан Жетіген ауылы облыстық маңызы бар Алатау қаласына айналған болатын. 

Сондай -ақ жаңадан құрылған Алатау қаласының даму бағыты туралы жазған едік.  

Соңғы жаңалықтар